Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Тоқал алғандарға сыйақы беру керек» – шымкенттік асаба

«Бізде екінші әйел алуға заң тұрғысында рұқсат жоқ. Алайда жағдайы барлар алып жатқанынна бәріміз куәміз. Меніңше тығылып-қашып жүріп басқа әйелге барып, зина жасағаннан гөрі мемлекет екінші әйел алуға заң тұрғысында рұқсат беруі керек. Сонымен қатар бойында қуаты бар кейбір жігіттер екінші әйел алғысы келгенімен материалдық жағдайы жоқ. Себебі шариғатта екі әйелге теңдей қарау керек делінген. Біреуіне үй алып бердің бе, екіншісіне тура солай жасау қажет. Сондықтан да менің ойымша екінші әйел алып, халық санын көбейткісі келетіндерге мемлекеттен субсидия берілсе деймін. Субсидия көлемі шамамен айына 100 мың теңге көлемінде болса, ол тек бала дүниеге келген соң берілуі тиіс деп ойлаймын. Кейін көмек әр балаға тағы 50 мың теңгеден көбейіп отырса деймін. Халық санын көбейту үшін субсидия жағы қарастырылған дұрыс деп ойлаймын», -деп сөзін түйген Кенжехан Дүйсенбиев бұл ұсынысы қолдау тапса, өзі де екінші әйел алуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар асабаның айтуынша, екінші әйелге берілетін сыйақы бәйбішенің қызғанышын тудармайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз