Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-9
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Тоқаевтың ықпалы және Дархан Қалетаевтың Украинаға елші болып тағайындалуы

244
Дархан Қалетаев

Бұл түсінік тек АҚШ, Қытай немесе Ресеймен байланысты емес.  Бұл елдердегі елшілік қызметке тағайындалу үлкен сенімге ие болу белгісі немесе жүктелген міндеттің маңыздылығы туралы хабар береді.

Тоқаевтың ықпалы

Кадрлық дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғанға  дейін дипломатиялық қызметке саяси өмірдің шегі ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан еді. Жаңа президент елшіліктің қыр-сырын біледі, бұған қатысты  жаңа сапалы тәсілдер қолданады.  Яғни елшілік қызмет жер аудару, биліктен алшақтату орны ретінде бағаланбайды, керісінше елдің сыртқы саяси мүдделерін барынша жүзеге асыру құралына айналады.

Бұл тұрғыда Украинаның маңызы зор, себебі мұнда ірі геосаяи полюстердің мүдделері тоғысады. Украинада батыс әлемінің Ресейге қарсы санкция жариялап қарсы тұруынан бастап халықаралық шиеленіске дейінгі көреғар көзқарастардың шоғыры қордаланып қалды. Бұл тұрғыдан дипломатиядағы украиналық бағыт негізгілердің бірі.

Мәселенің мән-жайы

Қазақстан Ресейдің шекаралас геосаяси одақтасы, ал Киев пен Мәскеудің арақатынасы мәз емес болғандықтан, Украинамен қарым-қатынаста күрделі мәселелер көп. Бұл жағдайда үйлесімділікті сақтау үшін аса ұқыпты болу керек және ол қол жеткізу қиын міндет.

Біздің республикамызда Ресей мен Украина тарапынан шиеленіскен мәселелердің бар екенін мойындауымыз керек. Сондықтан осы елдегі елші келісімге келе алу және кімнің болса да тілін таба білу қабілетімен ерекшеленуі керек. Осы жағдайда Дархан Калетаев секілді беделді саясаткерді тағайындау арқылы Украинаен екі жақты қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.

Дархан Қлетаевтың  Қасым-Жомарт Тоқаевтың командасында бас идеолог болып маңызды лауазымда жұмыс атқаруы, оған деген сенімнің жоғарылығын көрсетеді. Бұл сенім оны күрделі украиналық бағытқа елшілікке жіберуде маңызды рөл атқарған деп есептеуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз