Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
5
USD
497
-2.63
EUR
543
-1.68
RUB
6.05
+0.09

Тоқаев: “Конституциялық реформаның мақсаты — елді одан әрі саяси жаңғыртудың берік іргетасын қалау”

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси архитектурасын кешенді қайта форматтауға, билік тармақтары арасында тежемелік әрі тепе-теңдіктің неғұрлым теңдестірілген жүйесін құруға бағытталған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

“Менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер жобасын дайындау жұмысы кідіріссіз басталды. Негізгі заңға өзгерістер енгізілмей, белгіленген ауқымды өзгерістерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екені түсінікті”, — деді мемлекет басшысы Amanat партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Президент сондай-ақ жаңа Қазақстанның мәнін түсіндірді.

“Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа әрі ауқымды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан — шын мәнінде әділ Қазақстан.

Біз суперпрезиденттік формадан түпкілікті кетіп, парламент, мәслихаттар дың өкілеттігін күшейтеміз. Басымдықтардың бірі — партиялық-саяси саланы жаңғырту болып табылады”, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз