Мамыр айында ғана Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылған Нұрлан Ноғаев бүгін Қазақстанның Түркіменстандағы елшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.