Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тоқаев басшы әйелдердің үлесін арттыруды қолдады

145
Сурет: Tony Tallec / Alamy Stock Photo

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Мемлекет қатысатын жария компаниялардың басшылығындағы әйелдердің үлесі әлі де төмен, 5%-7%-ды құрайды. Бұл жағдай ел тұрғындарының жартысынан көбін құрайтын әйелдердің әлеуетін толық көлемде іске асыруға мүмкіндік бермейді, — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, кеңес мүшелері бұл мәселені жан-жақты пысықтап, мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін 30%-ға дейін арттыру туралы міндетті норманы енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізді.

— Осы бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ойлануымыз керек деп ойлаймын. Бұл әйелдерге бизнес саласын тартымды етеді, Қазақстанның мамандандырылған халықаралық рейтингтердегі позициясын арттырады, — деп түйіндеді Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз