Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурызда болатын концерттің өтпейтінін мәлімдеді

472
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

“Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!”, – деді Тоқаев желідегі жазбасында.

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Әлем бойынша пневмония вирусы тудырған 88 571 жағдай анықталды, қаза болғандардың саны — 3050 адамға жетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз