Коррупцияға қарсы қызмет СҚО Тайынша ауданы Ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Мартынюкті пара алып жатқан сәтінде ұстады.
Мартынюк қылмыстық істің бабын өзгерту және қылмыстық іс бойынша мәміле жасасу үшін 500 мың теңге пара сұраған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
Алайда әлгі 500 мың теңге Мартынюкке берілер параның бір бөлігі ғана екен. Жалпы сомада полковник алған параның көлемі 1,85 млн. теңгені құраған.