Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Тойларына барасың”. Аша Матай ректордың “ұсыныстары” жайлы ашып айтты (видео)

https://kaz.365info.kz/khalaulym-bagdarlamasynyn-otirigi-shykhty-asha-mataj-endi-ne-ister-eken-video-287627

Айта кетелік, грантқа таласып, грантпен оқыған өнер жұлдыздарының қылығы жаға ұстатарлық жағдай екенін білдей университеттің доценті қатты сынап тастаған еді.

“Ешкімнің нақты атын атап, түсін түстемесем де, қара халықтың есебінен әбден байып алған “әнші-журналист-жұлдыздар” енді мемлекеттік білім гранттары арқылы тегін “оқып”, “әнші-магистр-докторларға” айнала бастағаны туралы осы әлеуметтік желіде жарияланған жазбамды кейбір азаматтар тікелей өздерінің аттарына қабылдап, “қызғанып, көре алмай жатыр”, “қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адам” деп, менің атыма біраз ауыр-ауыр сөздер жазып тастап, оны қалың көпшілікке таратып жатыр екен.

https://kaz.365info.kz/akhshamen-sheshedi-ajgili-professor-mejrambek-bespaevtyn-bylygyn-ashty-video-322623

Егер әншілер өздерінің шынайы білімдерімен сондай дәрежеге жетіп жатса, өз басым оған тек қана қуанамын!

Алайда, кейбір “тележұлдыздардың” сахнадағы атақтарын пайдаланып, өнер саласына мүлдем қатысы жоқ ұлттық жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларына қарай жаппай лап қойып, мемлекеттік білім гранттары есебінен “оқу бітіріп”, диссертациялар “қорғауға” кірісуі жалпы сипат ала бастағанын түсіне алмаймын.

Сондай-ақ ұлттық университеттерді басқаратын кейбір ректорлардың әртүрлі “жұлдыздардың” алдында құрдай жорғалап, жас балаша жүгіруін де ұға алмаймын.

Байлардың ас та төк той-томалақтарынан көп қаржы табатын әншілер мен “тележұлдыздар” егер академиялық және ғылыми атақ-дәрежелер алғысы келіп жатса, жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларының ақылы бөлімдеріне өздерінің жеке ақшаларын төлеп оқығаны, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына жармаспағандары жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы”, – деп сөзін аяқтады доцент Мырзантай Жақып.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз