Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Тойға бармайсыңдар ма?..”. Ән айтқан екі әскери желідегілерді қырық-пышақ қылды (видео)

Видеодағы әскерилердің Алматы облысында қызмет етіп жатқаны белгілі. Әнді сержанттар Андрей Сильченко мен Тимур Кожахметов орындаған. Олардың өзі мұның видеоға түсіріліп, желіде таралып кеткенін білмеген екен.

Сондай-ақ, екеуінің де музыкалық білімі бар екені және әскери оркестрде өнер көрсететіні анықталды.

https://kaz.365info.kz/meni-zorlady-lajla-syltankhyzynyn-bagdarlamasyna-khyzdan-aumajtyn-khyzteke-keldi-video-311003

“Әлеуметтік желілерде отырмаймын, бірақ өзімді видеодан көргім келеді”, – дейді Андрей Сильченко.

Оның айтуынша, олар бұл әнді қызметтен тыс уақытта орындаған.

“Өзім Талдықорғанда тұрамын, сонда қызмет етемін. Талдықорғандағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқыдым. Бұрын пианинода ойнайтынмын. Қасымдағы қызметтесім осы әннің сөздерін білетін, содан әндете бастадық. Жігіттердің біреуі видеоға түсірді. Ойымызға келген әнді орындадық”, – дейді Тимур Кожахметов.

https://kaz.365info.kz/netken-bajlykh-a-altynaj-zhorabaeva-astanadan-algan-yjin-korsetti-foto-video-310928

Желідегілердің бірі бұл жігіттерге тойға барып өлең айтып, табыс табуға кеңес берген. Бұған желідегілердің бір парасы қарсы шықты. „Отанды кім қорғайды, жігітке шегіртке құсап шығырылдағаннан осындай салмақты мамандық жарасады„ деген мағынада жазба жарияланды.  „Әншілік еркекке жараспайды деп кім айтты„ деп тағы біреуі шықты. Өстіп ақылмен басталған жазбаның астында ел қырық-пышақ болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз