Үнемі тойда жүрген сәті көзге ілігетін Жанболат пен Жазира алғаш рет демалысқа аттанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Отандық танымал жұп Жанболат пен Жазриа жиі демала бермейді. Оны әншілердің тыңдармандары да байқап, олардың демалмайтынын, үнемі тойда жүретінін және концерт бермейтінін айтып жатады. Тыңдармандарының пікірінің дұрыстығын мойындаса керек, жұлдызды жұп Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанып, жиі демалып тұруға уәде берді.
Ал әншілердің желідегі оқырмандары оларға жақсы демалып, күш жинап қайтуды тілесіп жатты.