Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тойда жүр…”. Атақты Криштиану Роналдуға шапан жапқан қай қазақ? (видео)

155

Міне, осы видеоның анық-қанығы белгілі болды. Бұған қазақ байларының қатысы болғанмен, тойдың қатысы жоқ боп шықты. Сөйтсек әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың иығына шапан жауып жүрген атыраулық кәсіпкерлер екен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Кездесу Швейцарияның Женева қаласында 24 наурыз күні болды. Кездесу барысында футболшыға сыйлықтар табыс етіліп, қазақтың шапаны көрсетілді. Біз Криштиануға Қазақстанды, қазақ халқының мәдениетін кеңінен таныстыратындай сыйлық жасағымыз келді.

Сыйлықтардың арасында шапаннан басқа, Алтын адамның мүсіні, күміспен көмкерілген, ұлттық оюлармен өрнектелген белдік, қамшы мен өзге де заттар бар»,- деді кездесуге қатысқандардың бірі Алишер Өтепов.

«Футболшының балаша қуанғанына қарағанда сыйлықтар оған ұнаған болуы керек»-дейді олар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз