Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Той үстінен алып қашып кеттім» — Асхат Тарғын екінші рет отбасын қалай құрғаны туралы айтты

317
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Танымал әнші Асхат Тарғын өзінің жеке өмірінің қызықты сәттерімен бөлісті.

Үш жыл бұрын әнші тойдың бірінде бір жас қызға көзі түседі. Онымен жақын танысуды көздеген Асхат, қызға көңілін білдіре бастайды. Алайда ол  бірдан жауап қатпайды. Әнші алған бетінен қайтпай,  жоспар құрып, бір күні алып қашып кетеді.

«Мен Әлиямен тойда таныстым. Ол менен 13 жасқа кіші. Бірақ жас айырмашылығының маңызы жоқ деп есептеймін. Бір жыл бойы біз жай сөйлесіп жүрдік, бірақ қыз бен жігіт ретінде кездеспедік. Кейін мен оған үйлену туралы ұсыныс білдірдім. Бірақ ол кезде Әлия оқуын жаңа аяқтап, тұрмысқа шығу туралы ойламаған еді. Мен жаз бойы күттім, кейін күз болды. Ол асығудың қажеті жоқ, уақыт керек деп жауап берді.

Бір күні еш ескертпестен оны алып қашып кеттім. Ол бастапқыда ашуланып, жылады, кейіннен менің шешіміммен келісті. Мен оған бәрін түсіндірдім. Қазір бәрі жақсы, баламыз өсіп келеді», — деп әнші «Талантым-тағдырым» бағдарламасында сыр шертті.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Асхат Тарғын үйленді. Жары өзінен 13 жас кіші. Тоғыз ай өткеннен кейін әнші екінші рет әке атанып, ұлды болды. Бірінші некесінен қызы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз