Жамбыл облысында той кортежіндегі көлік жүргізушісі 9 жылға сотталды, деп хабарлайды КТК.
Той кортежінің кесірінен 3 адам ажал құшты. Айыпталушы әйелі мен ұлынан, немересінен бір сәтте айырылған отағасына 5 млн теңге өтемақы беруге міндеттелді.
«Гелендваген» жүргізушісі сотта ісіне өкінетінін айтып қайта-қайта кешірім сұрады. Айтуынша, қайғылы оқиға аяқ астынан болған. Кортеж 100 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан. Алдыңғы көлік бірден тежеуішті басқанда ол алдыңғы «Гелендвагенді» соғады.
Осы кезде полиция көлігі мен Лада көлігі қақтығысады. Оқиға орнында 2 жасар қыз бен 55 жастағы әйел көз жұмды. Тағы екі әйел жарақаттанды. Жәбірленуші бұл жазаға көңілі толмайтынын айтып, бұдан да қатаң жаза талап ететінін айтты.
«Менің өмірімде ешқандай арман да, мақсат та қалған жоқ. Тек бала-шағамның суретін қарап отырам», – дейді қайғыдан қан жұтқан ер адам.