“Жау жүрек мың бала” кинокартинасынан соң біраз танымалдылыққа ие болып, талай қыздың арманына айналған Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтысты.
Соңғы жылдары актер ғана емес, депутаттық қызметте де бой көтерген Асылхан Төлепов өзінің үйлену тойын Алматы қаласында дүркіретіп өткізді. Асылханның таңдаған жары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, Айсұлу есімді ару.
https://kaz.365info.kz/khazakh-aktrisasy-deputatpen-birge-demalyp-zhyr-foto-video-275222
“Бүгін Асылxан бауырым (Жаужүрек мың бала) қолына ақ құсын қондырды. АЛЛА тағала баянды бақыт бергей. Мұсылманда жария садақа деген болады. АЛЛАның бергеніне шүкіршілік етіп, “Перзент” балалар үйіне ат басын бұрып, бүлдіршіндерді бақытқа бөлеген бауырымыз бен келінімізге РАББЫМЫЗ салиx ұрпақтар нәсіп еткей”, – деп жазды әнші.
Ал негізгі тойға өнер адамдарының біразы жас депутатты құттықтап, әннен шашу шашып қайтты.
https://www.instagram.com/p/BbNMAYxBYm3/?taken-by=aidynkudabaev
https://kaz.365info.kz/tolepovter-otbasy-ekinshi-ret-kelin-tysirmek-284598
Шоу-бизнес өкілдерінен бөлек, тойға ақ тілегін айтып Алматы әкімі Бауыржан Байбек те келді.
“Тойға жиналған қауым! Тойларыңыз құтты болсын! Асылхан-Айсұлу бақытты болыңыздар! Сайлау аға, Салтанат тәте балалар бақытты болсын”, – деп тілек айтты қала әкімі.
https://kaz.365info.kz/asylhan-t-lepov-t-re-ali-yl-i-keshigip-zh-redi-226542
Асылхан шаңырағын көтерді. Берік болғай. Ендігі кезек інісі, әнші әрі актер Артур Төлеповте. Жаңалық күтейік.