Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Айнып қалған ба?”. Тұрсынғали мен Баян тойды кейінге қалдырды

221

“Бүкіл елге жар салып, той өткіземіз. Мыңнан аса қонақ шақырамыз. Зал іздеп жатырмыз. Аз уақыттың ішінде осы оқиғаға дайындалып үлгермейтін шығармыз, сондықтан тойды кейінге қалдырдық. Жазда достар ел-елге кетіп қалады. Сондықтан тойды күзге қалдырып отырмыз”, – деді кәсіпкер.

https://kaz.365info.kz/yrsysyp-khalgan-ba-bayan-esentaeva-nelikten-erke-esmahanmen-zhymysyn-tokhtatkhanyn-tysindirdi-268151

Ал тойды асыға күтіп жүрсіз бе деген сұраққа продюсер былай деп жауап беріпті:
“Екінші үйлену тойын күту қызық сезім ғой. Бірақ біз 18-дегі жастар емеспіз, ересек адамдармыз, әрбір ісімізді салмақтап, байыппен жасаймыз. Бала кездегідей той көйлегі, қонақтар туралы бас қатырмаймыз. Алайда жаңа өмірді, жаңа сезімдерді тағатсыздана күтемін. Осыған дейін ессіз біреумін бе десем, Турсын менен де асып түсті. Алдын ала айтпай-ақ қояйын, бірақ өте қызық болады. Сыртқы келбетіме келер болсам, фата мен үш метрлік шлейфім болмайды, қарапайым әрі әдемі болады”.

“Әйел махаббатсыз өмір сүре алмайды. Шынымды айтсам, сүйгім келді, мұның не екенін сезінгім келді, Жаратқаннан осыны сұрадым. Бірақ бұлай болады деп ойлаған да жоқпын. Турсынмен кездескенде өне-бойымда бір өзгерісті сездім. Жүрегім ақылымды тұңғыш рет тыңдамай қойды. Мен әрбір қадамымды есептейтінмін. Бірақ махаббатта ереже жоқ екенін, шектеу мен тыйымдардың жоғын білдім. Бұл туралы кітаптарда босқа жазылмайды екен”, – деді Есентаева.

Осыған дейін продюсер Жан Мұқанов Instagram желісінде Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің той суреттерін жариялаған еді. Rixos қонақүйіндегі фотосессияда Баян Pronovias көйлегін киіп, Damiani әшекей-бұйымдарын таққан еді.

https://kaz.365info.kz/ozim-turaly-film-tysiruge-de-yyalmajmyn-bayan-esentaeva-aldagy-zhosparlarymen-bolisti-267727

Дереккөз: tengrinews.kz
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз