Қазақстандық примадонна келіннің ата-анасымен қалай танысқаны туралы айтты.
«Ақырын ғана барып, қалыңдыққа сырға салдық. Біздің тарапымыздан бес адам болды. Халқымыздың барлық дәстүрлерін сақтай отырып, балаларымызды айттырдық. Керемет үлкен той ұйымдастырмадық, келінімнің үйінде шай ішіп, сол күні кешке қайтып кеттік», — деп Роза Рымбаева «31 арнаға» пікірін білдірді.
Әнші карантин аяқталып, жағдай реттелгенше той жасамайтынын ашық айтты.
«Той болмайды. Қазіргідей карантин енгізіліп, адамдар қайтыс болып, біреулер күнін әзер көріп отырған қиын уақытта дүбірлі той туралы айтуға бола ма?» — деді Рымбаева.