Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тоғыз жасар бала көлік ішінде құлыптаулы қалып, өртеніп кетті

Оқиға 11-маусымда кешке Ферғана облысына қарасты “Бекабад” ауылында болған.

Облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерінің хабарлауынша, әкесі тоғыз жастағы баласын автокөлік салонына қалдырып, өзі өрік теруге кеткен уақытта өрт шыққан.

“ВАЗ-2102″ автокөлігінің салонындағы бала жанармай құйылған бес литрлік канистрге шырпы шағып тастаған. Бала оқиға орнында қаза болды. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр”, — деді ішкі істер басқармасының қызметкері.

Оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, халық өрт сөндірушілер келгенше автокөліктегі өртті сөндірген, бірақ баланы аман сақтап қала алмаған.

“Көліктің есігі жабық болды, әйтпесе баланы құтқарып қалуға болатын еді”, — деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз