Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тобыл өңірінде салмағы 60 келі болатын мамонттың азу тісі табылды

Қызметкерлердің айтуынша, азу тістің салмағы шамамен 60 келіге жуық. Көмір тілімінен табылған ірі тіс 18-20 мың жыл бұрын аймақты мекендеген жүнді мамонттарға тиесілі болуы мүмкін. Бағзы дәуір фаунасынан сыр шертетін экспонат енді музей қорында сақталады. “Жарық пен оттегі әсерінен бүлінбес үшін, арнайы химиялық құрамдармен өңделеді”, – дейді мамандар.

“Жүнді мамонт қалдықтары біздің жақта жиі кездеседі. Соған қарағанда, алып жануарлар біздің  аймақта көп болғанға ұқсайды. Алайда, көне қалдықтардың көбі нашар сақталған. Ал көмір тілімінде табылған азу тісті арнайы өңдеуден өткіземіз. Егер экспозициялық құндылығы тәуір болса, келушілер назарына ұсынылады. Ал, нашар болса, әрмен қарай зерттеліп, музей қорында сақталады”, – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің  бөлім жетекшісі Андрей Андрющенко.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз