Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тоқтар Төлешев: «Атыраудағы митингіні мен ұйымдастырдым, оған Талғат Аянды тарттым»

Бұл туралы TOPpress.kz хабарлайды.

Бұған алғаш күмән келтіріп едік, күні кеше мұны Төлешевтің қорғаушысы Евгений Яровский растапты.

Заңгердің айтуынша хаттамалар Төлешевтің түсініктемесі негізінде жазылып, оған өз атынан қол қойылған.

«Тергеушілер оған тіс батырған жоқ. Ешқандай қысым жасалмады» дейді Яровский.

«Иә, солай. Түсініктемені өз еркімен берді. Маған шағымданған жоқ. Егер оған біреу қысым көрсетсе, бірден маған айтар еді…Қандай түсініктеме берді, ендеше барлығы солай болған. Түсініктеме ғаламторға тарап кетті. Ол митинг ұйымдастырғанына өкінетінін өз көздеріңізбен көрдіңіздер» дейді заңгер.

Төлешев не деген сонда? Өз қолымен жазған түсініктемеде атышулы басбұзар Атыраудағы митингіні дәл өзі ұйымдастырғанын мойындаған. Жоспарын жүзеге асыру үшін қазір түрмеде жатқан Талғат Аянды іске тартқан. Соңғысына қатысты қазір тергеу амалдары жүруде.

16 қылмыстық іс бойынша айып тағылған Төлешевке қатысты сот бүгін Астанада өтеді.

photo_186608

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз