Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
15
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Тоқалым бол! Ринат Зайытов асау ақын қыз – Жансаяға сөз салды (видео)

267

Жансая аманбысың, «мощный» қыз
Жігіттерге сынбайтын «прочный» қыз
Еркек шыбын қонбаған етегіне
Басқаға қарағанда «точный» қыз

Айтысқа шыққан сайын қарсыластан
Жай сұрамай, бай сұрайтын «пошлый» қыз
Біреуге өрескелдеу көрінгенмен,
Біз үшін балдай тәтті «сочный» қыз

Жүрегінің қалауын іздеп жүріп
«Срогы» өтіп жатқан «взрослый» қыз, – деп бойжеткенді “комплиментке” көмкеріп, бар болмысын суреттеген Ринат өз сөзінде демография мәселесін қозғай келе:

Қарағым жайың бар ма маған қарар
Қарасам деме күнің қараң болар
Шүкірлік жағдайым жаман емес,
Берейін бірден соны хабарлаң ал

Екі бөлмелі үйім бар Алматыда
Жөнің жоқ баспана деп алаң болар
8 сотық жерім бар Қаскелеңде
Оған да үй салатын заман болар

Астымда жүйрік ат та бар бүгін де
Болмайсың тойға ертең жаяу барар
Оның бәрі аз десең, айналайын
Бір әйел, үш бірдей балам да бар

Бір әйел, үш бірдей балам да бар
Сені де асырайтын шамам да бар
Бәйбішемнің тілін тауып ала білсең
Солардан артылғаны саған қалар, – деп сөздің тоқетерін түйіндейді.

“Сенен күйеу сұрамаймын” деп оған жауап қатқан Жансая өз ойын:

…Кім мені жұптап қойған Ринатқа
Жанымыз енді лаулап құриды отта…
Өңім түгіл түсімде қорқушы едім
Мен үшін бұдан келер үрей жоқ па, – деп салады.

Осы арасын ұтымды пайдаланған Ринат әрі қарай асауға қамшыны баса түседі:

Жансая қылышыңды сермейсің бе,
Ринаттан қашамын деп терлейсің бе?
Өңім түгіл түсімде шошушы ем деп
Бұл қыздың дірілдеуің көрмейсің бе?

Шошымағың келсе егер Ринаттан
Ұсынысыма келісіміңді бермейсің бе?
Түсіңе кіріп жүрген Ринаттың
Құшағына кіріп кетіп жеңбейсің бе, ай-хай, ахау-аййй.

https://www.youtube.com/watch?v=5IaFGyfbdXI

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз