Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Өткен жылғы мектеп формалары биыл өзгеріске ұшырамайды

Оның айтуынша, мiндеттi мектеп формасын енгiзу туралы шешiм әр бiлiм беру ұйымында жеке-дара, жалпы мемлекеттiк ата-аналар жиналысы хаттамасының негiзiнде қабылданады. Мектеп формасын отандық өндiрушiлерден сатып алу ұсынысы берiледi, мектеп iшiнде тауар сатуға қатаң тыйым салынған.

– Қазiргi таңда мектептерде ата-аналарды мiндеттi мектеп формасының енгiзiлуi туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Қажеттi мәлiметтердiң барлығы, атап айтсақ, ата-аналар жиналысы хаттамасының көшiрмесi, сапа сертификаттары, мектеп формасының фотосуретi, тауардың қайда шыққаны туралы сертификат ақпараттық стендтер мен мектеп сайттарында орналастырылған, – дейдi басқарма басшысы.

Қасымхан Сенғазыевтің айтуынша, сапалы тауардың тұтынушыларға уақытында толық жетуi қадағалауға алынған. Өткен жылғы мектеп формалары биыл өзгерiске ұшырамайды. Сондай-ақ, Астана қаласы мектептерiнiң ортақ формасы биыл енгiзiлмейдi. Бұл мәселе әлi талқыланатын болды. Мектеп формасының орташа бағасы бастауыш сыныптарда – 10 мың, ал жоғары сыныптарда – 18-20 мың теңге.

Айта кетейік, Астанада 2016-2017 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн 94 мектеп жұмыс iстейдi. Олардың 83-i – мемлекеттiк, 11-i – жекеменшiк оқу орны. Оқушылар саны 129 мыңға жетедi деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз