Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Тірі қалса, пешке жағамыз…”. Абортқа қатысты сұмдық мәлімет жарияланды

111

Нажимова заңсыз қызметі үшін ақысын келіскеннен кейін оларды Салихановтың жеке емханасына жатқызған. Түсік жасауға түрлі әдістер қолданылған, ал түскен қаражат осы топ мүшелеріне үлестіріліп отырған. Осы топтың тағы бір мүшесі Э.Салиханова болса бала асырап алуға дайын азаматтармен байланыс орнатумен айналысқан.

https://kaz.365info.kz/auyl-darigerlerinen-khorkhyp-khaldym-khazakh-kelinshegi-ne-dejdi-269678

Тірі қалып, жағдайы тұрақты болған сәбилерге аборттан кейін жалған құжат жасалып, жаңа ата-анасына сатып отырған. Ал сатып алушысы табылмаған сәбилерді қасақана қараусыз қалдырған. Ал денелерін медициналық қалдықтарды өртеуге арналған пешке жағып отырған. Газет бала сатудың бірнеше дерегін келтіріп отыр.

2014 жылдың ақпанында Салиханова жаңа туған сәбиді 2500 долларға сатқан.

Ал мамырда қылмысты топ жаңа отбасына сәби сатуға уәде берген. Жүкті келіншектердің біріне жасанды түсік жасату жолын қолданып, 500 доллар және 200 мың сомға сатқан. Бас прокуратура газеті осындай адам өлтіру оқиғаларын тізіп отыр.

Балалардың мәйітін Салихова Нажимова жұмыс істейтін кешенге жіберіп отырған, ал ол өз кезегінде балаларды пешке жағумен айналысқан.

Сот кезінде 2016 жылы емханада жұмыс істеген еден жуушы сұмдық жағдайды айтып берді.

https://kaz.365info.kz/ystazy-okhushysynan-bala-tuyp-algan-video-317300

“Біз әріптесімізбен әйелдердің бала босанғанынан кейін жұмыс істейтінбіз, оларға көмектесіп, жағдайын қарайтынбыз.

Жаңа туған балалардың денесін матаға орап, 18-ші бөлмедегі тоңазытқышқа салатынбыз. Бала тірі қалатынын байқасақ, оны пеші бар жылы бөлмеге жатқызатынбыз.

Одан кейін тірі қалған және өліп кеткен балалардың қайда жіберілгенін білмеймін”, – деді куәгер.

https://kaz.365info.kz/erkekterdi-khorkhytam-auyldan-auylga-koship-zhyrgen-ajel-syryn-akhtardy-299127

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз