Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Типа соны туралаған…”. Зорланды делінген 7 жасар балаға қатысты дау шықты

Абай ауылының биі Нұрман Мережепов облыстық ішкі істер департаментінде криминалды полиция басқармасының басшысы Бауыржан Селтанов куәгерлердің көзінше өзін тікелей қорқытқанын ашық мәлімдеп отыр. Сөзінше, жеті жасар балаға қатысты дауды ушықтырдың деп кінә артқан полковник өзіне «екі ініңді тоқтатпасаң, өзіңді соттаймын» деген.

“Жағам қайырылып қалған екен, типа соны туралаған болып ұстады да, Нұрман саған бетіңе айтамын деді. Мына екеуін тоқтатасың. Тоқтатпасаң, ісім сенімен болып, мен сені подставить етіп құртамын деді. Мен не за что қамалып кетемін бе, бала-шағамды кім асырайды ертең? Әлі барлығы мектепке барады, жас балалар. Мен не үшін қамалуым керек, мен ол жерде болмасам, қатысым жоқ болса бұл тірлікке?”

– дейді Абай ауылы биі Нұрман Мережепов.

Ауыл биіне айтылған үркітуді ести сала, әлгі екі інісі деп отырған жәбірленуші тараптың қоғамдық қорғаушылары Дінмұхаммед Артықов пен Құрманғазы Мүсір бейнежазбадағы шағымдарын әлеуметтік желіде таратқан. Облыстық мәслихат депутатының «іс дәлелін таппады» деп сұхбатты жиілетуі мен уролог-дәрігердің есімін дәлелге қосуын іске кедергі келтіру деп отыр. Өйткені «қорлады» деген оқушылар оқитын мектеп директоры мен дәрігердің ерлі-зайыптылар екені белгілі дейді. Ал бірқатар полицейлердің уақытша қызметінен шеттетілгені қағаз жүзінде қалғанын айтады.

“Шеттетілген жаңағы лауазымды тұлғалар Жұмабаев Нариман, Ибрагимов Әсет және бөлімше бастығы Сариев барлығы жұмысқа келіп жүр”, – дейді 7 жасар баланың қоғамдық қорғаушысы Дінмұхамед Артықов.

“Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыз жазып өткізіп, сол бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды”, – дейді жәбірленуші тараптың қоғамдық қорғаушысы Құрманғазы Мүсір.

Криминалды полиция басқармасы басшысына қатысты облыстық ішкі істер департаментіндегілер әзірге тіс жарып ештеңе айтқан жоқ. Прокуратура органдары да Селтановқа қатысты әзірге мәлімет таратпады. Еске сала кетейік, бала ісіне қатысты Селтановтар әулеті бұған дейін де көп айтылған. Әулеттің үлкені, яғни әкесі аудандық мәслихат депутаты, үлкен ұлы Абайда уролог-дәрігер, келіні мектеп директоры болса, екінші ұлы криминалды полиция басқармасының басшысы. Ауыл биінің қорқытты дегені де, осы полковник.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз