Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тимур Сүлейменов: теңге бағамы 340-тан аспайды

Министрдің айтуынша, әзірше рубльдің бағамы 61-62-нің айналасында болып тұр. Оған мұнайдың бағасы да оң әсер етіп отыр.

«Сондықтан жақын арада қандай да бір үлкен өзгерістер болады деп айта алмаймыз. Негізі, рубль бағамының өзгеруін тікелей теңгемен байланыстыруға болмайды. Себебі біздің экономикамыз бөлек. АҚШ-тың санкциялары бізге тарамайды. Сондықтан оның тікелей әсері жоқ. Пессимистік сценарий болған күннің өзінде ішкі жалпы өнімнің өсуі сақталады. Ертең, біз Парламенттің жалпы отырысында әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырамыз. Онда теңгенің шекті бағамы 340 деп көрсетілген. Демек, Үкімет теңге бағамының одан ары өспейтініне сенімді», – деп атап көрсетті Т.Сүлейменов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз