Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Тимур Сүлейменов бюджетке түзету енгізуге қатысты пікір білдірді

Тимур Сүлейменов бюджеттің қайта қаралу мүмкіншілігін де жоққа шығарды.

«Дәл қазіргі сәтте бюджетті нақтылауға қатысты айтар болсам, әдетте ол күзде, қазан айында болады. Ол тек қана макроэкономикалық факторлармен байланысты жүргізілмейді. Ол көп жағдайда бюджеттің орындалуына, толықтай алғанда экономиканың дамуына байланысты, тек бір бағана факторға байланып тұрған жоқ.

Әзірше, біздің экономикамыз қалай ілгерлеп келе жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар қалай орындалу үстінде екендігін, салалардағы, облыстардағы ахуал қандай екендігін бағалаймыз. Осындау кешенді бағалауға байланысты біз нақтылау жасау қажет пе, жоқ па екендігін шешеміз. Бір ғана бағамның өзгеруі бюджеттік нақтылау үшін жеткіліксіз», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз