Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Тілдеріңді кесіп кетеміз…». Айгүл Орынбек елді қорқытып отырған ұрыларды әшкере қылды (видео)

123

34 жәбірленуші бар. Сол жәбірленушілердің осы уақытқа дейін үрейі басым болып тұр. Енді облыстық сотта үкім бұзыла ма деген де күдік бар… Бірінші жәбірленуші өзінің 2 миллион теңгесінен, алтындарынан және басқа да заттарынан айырылып отыр. Осы кісі артынан қалмай, үлкен ұйымдасқан қылмыстық топтың ісін сотқа дейін аппаруға септігін тигізді.

Негізі, көбі қылмыскерлер «беттеріңді тілемін, өлтіріп кетемін» деген соң, арыздарын қайтып алған», – деді А.Орынбек әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде.

Сосын, заңгер жәбірленушілердің біріне сөз берді. Бірақ сөйлеген әйелдің түрі жеке басының қауіпсіздігі мақсатында көрсетілген жоқ.

«Өз басымыздан өткен жайтты ешкімге тілемейміз. Басынан өткен адам ғана бұл жағдайды түсінеді деп ойлаймын. Былтырдан бері сандалып, қақпаған есігіміз қалмады. Базарда сөзге қалай айналдырып, қалай алдағанын білмейміз. Мүмкін, гипноз да шығар. Сол сәт әлі есімнен кетпейді, көз алдымда. Ұрыларға бұрын тап болып көрмеген едім. Өзіміз ешкімнің ештеңесін алмағаннан кейін, бұлай болады деп ойлаған емеспін. Бұлар базарға екі-екеуден бөлініп келеді. Сөзге айналдырып, сөмкемді ұрлап алып кетті. Сауда орнын жақсылап тексердім.

Сатушылар:

«Біздің заттарымыздың арасын қараңыз. Күмән болмасын. Бізден көрмеңіз», – деп айтты.

Мен содан арттарынан жүгіріп барып, екі әйелді тоқтатқанымда, олар пакеттерін ашып «міне, көр» деп көрсетті. Ұйымдасқан топ деп ойлаған жоқпын. Пакетін көрсеткеннен кейін, «кешірерсіздер» деп, жібере салдым. Полицияға хабарластым. Олар келді. Арыз жаздым. Менен басқа да жәбірленушілер шыға бастады. Үшеуі қамауға алынып, төртіншісі қашып жүріп, жалдамалы пәтерде жатқан жерінен ұсталып, ертесіне қамауға алынды», – дейді түрін көрсетпей, сөйлеп отырған келіншек.

Осы тұста Айгүл Орынбек Оңтүстік Қазақстандағы көптеген базарларда ұрылар мен күзетшілердің сыбайлас екенін айтты.

«Базарларда күзетшілер бейнебақылау камерасын бұрып қояды екен. Сосын, ұрылар оларға үлесін береді. Сондықтан базарлардың барлық күзетшілерін тексеріп тұру керек. Сосын, олардың көбінде бақылау камералары сапасыз. Мықты камералардың қойылуын талап еткен жөн. ІІМ осы тұрғыда базарлардың барлығына тексеру жүргізеді деген ойдамын», – дейді заңгер.

 

Ал жәбірленушінің айтуынша, ұсталған ұрылар арызданушыларға полицияның көз алдында қоқан-лоққы көрсеткен.  

«Үйіне барғанда, 50-ден астам сөмке көрдік. Көптеген қалта телефондары, әмияндар шықты. Бізге полициядағылар басқалармен араластырып көрсетеміз, тануларыңыз керек деді. Біз таныдық. Олар бізге тап сол жерде қоқан-лоққы көрсетті:

«Арыздарыңды алыңдар. Беттеріңді тілеміз, қандарыңды судай ағызамыз, тілдеріңді кесіп кетеміз», – деген өмірімізде естіп көрмеген сөздерді айтты.

Сол жерде біраз адам қорыққанынан арызын алып кетті. «Көкеміз бар» деген соң, көп адам қорықты. Олар (сотталғандар – ред.) енді үкімге риза болмай, апелляцияға берді. Сол кезде біз жоғарыға шағымданамыз, бізді Пірнияз деген кісі шығарады деп ашық айтқан. Сотталушылар әкетіп бара жатқанда айтты. Сол жақта жатып-ақ сендерді өлтіріп кетеміз деді», – дейді әйел.

Айгүл Орынбектің айтуынша, осылай ашықтан-ашық қорқытып-үркітулердің салдарынан, ұрлыққа қатысты көптеген іс жәбірленуші мен күдіктінің келісімге келуі арқылы жабылып жатыр екен. Яғни, жәбірленуші қорыққаннан осындай қадамға баруға мәжбүр.

Беттерін лезвімен тіліп, базарларда ұрлық жасап жүрген ОПГ ұсталған. Іс сотқа өтсе де адамдар үрей үстінде! Қоқан лоқы тоқтамай жатқан соң ашынған халық менен көмек сұрап келіп отыр.

Gepostet von Айгүл Орынбек am Mittwoch, 18. Oktober 2017

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз