Қысқа видеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған және Қазақстанда қолданушылардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды науқанын жалғастырады. Науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған.
Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары атақты адамдар – Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель және Митя Байназаровпен – онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізеді: бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар. Сонымен қатар, TikTok-тағы танымал контент авторлары интернеттегі қорлаудан қалай қорғануға болатыны туралы жеке оқиғаларын, білімі мен кеңестерін бөлісетін танымдық видеолар әзірледі.
Буллинг пен онлайн-қудалау – бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе жасөспірімдер арасында буллингке ұшырау қаупі жоғары: балалардың үштен бірі қорлауға ұшырайды. Дүние жүзінде 13 пен 15 жас аралығындағы әрбір үшінші оқушы мектепте қудалауға тап болады. Қазақстанда жас қолданушылардың кибербуллингке бейімділігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының зерттеуіне сәйкес, кейінгі 4 жылда бір пайызға өскен.
#ПозитивСыйла (#ДариПозитив) интернеттегі мейірімді және сау атмосфераны қалыптастыруға, сондай-ақ барлық жастағы TikTok қолданушыларын психологиялық қысымнан, дөрекі пікірлерден және басқа да онлайн қудалау көріністерінен қорғауға үйретуге арналған.
27 ақпаннан бастап платформада психология, құқық және балалар қауіпсіздігі саласындағы жетекші сарапшылармен кибербуллинг тақырыбында тікелей эфирлер өтеді, ал модераторлар мәдениет және кино саласындағы танымал қайраткерлер, олардың арасында актерлер Санжар Мәди мен Шәріп Серік, инфлюенсер Нұрлан Батыров, музыкалық орындаушы Ғайни Кель, сонымен қатар, шоумен әрі TikTok-та танымдық видеолар авторы Митя Байназаров болады.
Жобаға арнап атақты адамдар мен танымал TikTok креаторлары қолданушыларға қорлау мен қажетсіз қарым-қатынастан қорғауға көмектесетін платформа құралдары туралы видеолар түсірді. Жобаға қатысатын инфлюенсерлер арасында: ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі Жинара Сәдуақасова, сұхбат алушы Тимур Балымбетов @timur_balymbetov, сән және сұлулық саласындағы контент авторлары Мәди @madi_bekdair, Аида @aida_neko, Малика @malikaaboutstyle, спортшылар Уәлихан Тен @drugoi.ty, Баламырза Әлиев @aliev_53, Фараби Дәулетшин @farakicks және Анастасия Непша @nastya___nepsha.
TikTok қолданушыларға теріс және онлайн қорлаудан қорғаудың бірқатар тиімді құралын ұсынады: