Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

TheDailyTelegraph: Әлішер Усманов британ “қара тізіміне” енді

134

The Daily Telegraph басылымының британ үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, ел премьер-министрі Тереза Мэй бекіткен тізімде Әлішер Усманов, Роман Абрамович, Олег Дерипаска, Аркадий және Борис Ротенбергтер, солармен бірге Игорь Сечин бар.

Бұл тізім үкімет бөлемдеріне таратылады. Ұлыбританияның Еуропа мен Солтүстік Америкадағы әріптес елдері онымен танысады.

Мұндай шараның мақсаты – тізімдегі адамдардың Еуропада, Ұлыбританияда және бас да жерлерде жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеу. Басылым дереккөзі бұл тізімге Ресей президенті Владимир Путинмен өте жақын адамдар енгенін айтқан.

Абрамович мен Усманов бірнеше жыл бойы “Челси” және “Арсенал” футбол клубтарының қожайыны ретінде танылған. Бірақ биыл жазда Усманов “Арсеналдағы” үлесін (30%) америкалық кәсіпкер Стэн Кронкеге £550 миллионға сатып жіберді.

Forbes мәліметі бойынша, қараша айының соңында Әлішер Усманов дәулеті 12,5 миллиард доллар деп бағаланған. Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин жақында Усманов пен оның әйелі Ирина Винер-Усманованы “Отанға сіңірген еңбегі үшін” орденімен марапаттады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз