Жаңа жыл алдында әдеттегідей жеміс-жидектердің бағасы шарықтап шыға келді. Не керек, әлеуметтік желіде осы жайт мазалаған қолданушының бірі Ауылшаруашылығы вице-министрін сөзге тартып, арада диалог орнаған.
Негізі елімізге алыстан келетін ананасқа қарағанда өзімізде өсетін қиярдың бағасы қымбат болуы көптің қытығына тиген. „Ешқандай логика жоқ„ деп ашынды желідегі жұрт.
Кейіннен осы диалог негізінде бірқатар басылым мақаланы бұрқ еткізді. Тақырыбы „Вице-министр Қазақстанда қиярдың неге қымбаттап жатқанын білмейді екен„ дегенге саяды. Бұл сөз вице-министрдің қытығына тиіп кетсе керек, ол осы сауал төңірегіндегі ойын еріксіз егжей-тегжейлі түсіріп, Facebook-тегі жеке парақшасында жариялауға мәжбүр болғанға ұқсайды.
„… Біріншіден, бірден айтып қояйын, Ауылшаруашылығы министрлігінің мақсаты – ауылшаруашылығын дамыту. Бір төбе маман ойлағандай, біз сауда-саттық саласындағы бағаны реттеу жағына жауапты емеспіз…
Ал енді ұғып алыңыздар.
Бәзбір ыстық елдерге қарағанда экзотикалық жеміс-жидектерді бізде өсіріп-өндіру шығыны әлдеқайда жоғары. Оларда қыс жоқ қой. Осы бір фактіні келтірсек те жетеді. Ал ол тауардың өзіндік құнына үлкен әсер етеді.
Оның үстіне, көкөністерді біз қыс кезінде жылыжайда өсіреміз, оның да шығыны көп болады. Сондықтан қыста елімізде жеміс-жидектің қымбат болуы өкінішке қарай, қалыпты жағдай.
Тағы бар. Мына көрші Ресейде – қымбатшылық. Оңтүстік жылыжайынан алынатын барлық өнім сол жаққа кетеді. Жекеге солай тиімді. Сол жаққа барып сатқан.
https://kaz.365info.kz/khajdagy-sharua-deputat-ykimet-bolgen-arzan-nesieni-shynynda-kimder-alatynyn-ajtty-293895
Бірақ бұл министрлік алақан жайып құр қарап отыр деген сөз емес. Жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз.
Тағы да шегелеп айта кетейін: Біз бағаны реттемейміз, тек өндірістің қуатын арттыруға ғана ықпал ете аламыз!
Ал ауылшаруашылығы министрлігі бағаны реттеп, бизнес пен кәсіпкерлерге не істеу керектігін бұйырсын дейтіндер, терезеге қарап алыңдар! Сыртта ХХІ ғасыр.
Нарық заманы. 20 жыл болды, солай өмір сүріп жатырмыз. Қазір нарықтағы бағаны сұраныс анықтайды!
Біз жаңадан құрылған жылыжай шаруашылықтарын қолдап, оларды субсидиямен, жеңілдетілген несиемен және тағы да басқалай қамтамасыз етіп жатырмыз.
Жылыжайдан алынған өнімдердің бағасы негізі арзан, бірақ ол көбіне көрші елдердің нарығына кетіп жатыр. Мысалы, былтыр 100 мың тонна картоп Өзбекстан асып кетті.
Ол жақта оның бағасы қымбат екен. Кәсіпкерлер табыс көзін тауып алған соң солай тасыды бәрін.
https://kaz.365info.kz/1000-tenge-bola-ma-2018-zhyly-ne-khymbattap-nenin-arzandajtyny-belgili-boldy-295549
Содан соң жеміс-жидекті ары-бері тасып, анда қойып, мында қойып жүргенде оның тең жартысы бүлініп кетеді: 30-дан 50 процентке дейін. Бұл да бағаға әсер ететін фактор. Біле жүргендеріңіз жөн болады, соңғы үлгідегі технологиямен жасалған қоймалар бізде жоқтың қасы. Бар, бірақ бірен-саран. Көптің қолы жетпейді оған.
Қазір министрлік жеміс-жидектерді көтерме бағамен тарататын орталықтардың желісін құру туралы жобаны қолға алып жатыр. Ол бойынша әр облыстан осындай орталықтар ашу керек. Сонда бағаны едәуір төмендетуге қол жеткізер едік„ – деген вице-министр Нұржан Әлтаев болашақта бұл тақырыпта үлкен мақала жазып, баспасөзге жариялауға уәде етіпті.
Жыл бастала сала қиярдан шыққан дауды вице-министр осылай „пиарға„ айналдырып көруге тырысыпты…
https://kaz.365info.kz/ol-bylaj-goj-maman-dollar-men-benzinnin-nege-khymbattaj-beretinin-ajtty-282179