Коронавирусқа қатысты жағдай доллар бағамына қалай ықпал етеді? Сарапшылар пікірінше, қытайлық вирус мұнай бағасының құлдырауына себеп болды. Бұл жағдайлардың жаңғырығы теңге бағамына әсер ете ме?
Экономист Айдар Құсайынов «Коронавирусқа қатысты жағдай тым әсіреленген. Вакцина табылды, жағдай реттелуде. Ол теңге бағамы мен Қазақстанның экономикасына ешқалай ықпал етпейді» , – деп есептейді. Экономист коронавирус пен мұнай бағасының құлдырауының өзара байланыстылығы мен осыған қатысты басқа жаңалықтар трейдерлер мен биржа алып-сатарларының айла-шаралары екеніне сенім білдірді. Бұл қалыпты жағдай.
Теңге бағамына тек ұзақ мерзімді трендтер ғана әсер етеді
Төлем жасалып, Ұлттық қорға долларлар түсе береді. Олар онда жылдар бойы сақталып тұрады.
– «Мұнай бағасына көп нәрсе тәуелді емес, – деп есептейді сарапшы. Экономика – ұзақ мерзімді тренд. Сіздер атқарылған жұмыстың жалақысын да бір ай өткеннен кейін аласыздар. Трейдерлер нарық тербелістерінің өздеріне ыңғайлы себебін табады.
Қаржы аналитигі Расул Рысмамбетов теңге бағамына қатысты қандай да бір болжам жасау мүмкін емес екенін мойындады.
«Себебі ол көптеген факторларға тәуелді. Олардың
жартысына жуығы – нарықтан тыс, саяси факторлар
Олар қазақстандықтардың әл-ауқатына, мемлекеттік компаниялардың қаржылық тұрақтылығына, жалпы алғанда квази-мемлекеттік сектордың квазиэкономикасына байланысты».
Аналитик Қазақстанның экономикасы шикізат экспортына тәуелді және болашақта теңге әлсіреуі мүмкін деген пікір білдірді. Бұл коронавирус немесе қандай да індеттен емес, Қазақстан экономикасының әлсіздігінен болады.
– «Әлемдік нарықтағы кез келген оқыс өзгерістер, ҚХР өсімінің төмендеуі мұнай бағасының құлдырауына әкеледі. Бұл рубль бағамына ықпал етіп, ары қарай теңгеге де өз әсерін тигізуі мүмкін, – дейді ол.
Долларға қатысты рубль бағамы теңгеге көбірек әсер етеді
Оның теңгеге әсер ету механизмі айтарлықтай күрделі.
Мәселені екінші қырынан алып қарайтын болсақ, доллар бойынша пайыздық мөлшерлеменің төмендеу факторы да әсер етеді. Мөлшерлеме төмендеген сайын, теңгенің долларға қатысты күшеюінің мүмкіндігі жоғары.
Дегенмен АҚШ-та экономикалық өсім байқалады. Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) инфляцияға тап болса, ФРЖ-нің мөлшерлемесі төмендемей, керісінше өсуі мүмкін. Бұл біздің валютамызға төніп тұрған ең үлкен қауіп емес, бұл жағдайда басқа валюталар да әлсірейді.