Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Теңге бағамы 400-450 дейін төмендейтіні сөзсіз — сарапшы

336
ҚЗСИ Бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов. StanRadar

Нарықтың кейбір ірі ойыншылары 2018 жылдың күзінде теңгенің айтарлықтай әлсіреуін күтті (450 теңгеден төмен деңгейге дейін). Бірақ өзгеріс болған жоқ. Биыл күрт әлсіреу қаупі бар ма — қай деңгейге дейін және қашан?

ҚЗСИ Бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов ұлттық валюта бағамы бойынша болжам жасай отырып, көп нәрсе реттеуіштің іс-әрекетіне және оның нарыққа ықпалына байланысты болатынын айтады.

«Теңге бағамы, менің ойымша, сөзсіз әлсірейді. Бұл процесс баяу орын ала ма, әлде күрт бола ма, айту қиын

Бірақ, 2018 жылы мұнайдың құлдыраған кезін есепке ала отырып, 2019-ды ескеріп, реттеуші курс бағамын ұстап тұруға әрекет жасайтын сияқты», — деп есептейді ол.

Бұл жағдайда курс күрт төмендеу сценарийі орын алуы мүмкін.

«2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында мұнайдың құлдырауына біздің валюта нарығының реакциясын көрмегендіктен, бағамды ұстап қалу 375-385 теңге аралығында жүріп жатыр», — дейді сарапшы.

Бұл ретте Ұлттық банк бағамға валюталық интервенция (Жаңа жыл басталғаны жақсы болды) арқылы ғана емес, Ұлттық қорға трансферттер арқылы немесе өз пікірін нарық қатысушыларына жеткізе отырып ықпал ете алады.

Ұлттық қор мен БЖЗҚ кірісін қалай арттыруға болады?

Егер 2018-дегі жағдайды талдайтын болсақ, мұнай факторынан басқа, екінші жарты жылдықта теңгенің неге кенеттен түсіп кеткенін ешкім түсіне алмады. Бұл уақытта мұнай барынша жоғары деңгейге дейін өсіп келе жатқан болатын.

«Мен сол кезде

Ұлттық Банктің басқаруындағы активтерді басқару тиімділігін арттыру қажет болды деген гипотезаны ұсындым, — бірінші кезекте БЖЗҚ мен Ұлттық қордың», — дейді Додонов.

БЖЗҚ активтерінің валюталық бөлігін бірнеше жылдан бері белсенді түрде арттыруда.

«2018 жылы БЖЗҚ табыстылығы инфляция деңгейінен асып түсті, ал бұл валюталық активтерді қайта бағалау есебінен мүмкін болды. Ұлттық қорда да жағдай түсінікті — оның активтерінің 90%-дан астамы валюталық және теңге нығайған сәтте ол шығынды көрсетуге мәжбүр», — деп түсіндірді сарапшы.

Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның жыл сайын табыстылығын арттырудың осындай тәсілін Ұлттық Банк тәжірибеге ала ма, жоқ па — үлкен мәселе. Бірақ осы ретте 2018-дің тамыз айындағы жағдай еске түседі: теңге бірінші жарты жылдықта нығайып, содан кейін Ұлттық қор инвестициялық шығынды белгілеуге мәжбүр болды. Сол кезде депутаттар, жұртшылық пен баспасөз осы мәселеге алаңдаушылық білдірген болатын.

«Ұлттық қордың валюта нарығында манипуляция жүргізу тәсіліне сол келеңсіз тәжірибе әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Бәлкім қателесуім де мүмкін», – деп болжады Додонов.

Рубльді ешкім есіне алмайды

Бірақ реттеушілер халықтың наразылығынан қорқуы мүмкін.

«Азаматтардың сынына әрдайым сыртқы күштерден — әлемдік нарықтар, ФРС, ЕАЭО немесе рубльден жауап табуға болады.

Айтпақшы, рубльді барлық сарапшылар, оның ішінде Ұлттық банк сарапшылары да теңгенің құлдырауына тікелей себепші деп атаған», — дейді ҚСЗИ сарапшысы.

Биыл рубльді себепкер ретінше ешкім атамайды. Оның үстіне, қазіргі уақытта теңге бағамының төмендеуінің шын мәнінде объективті себептері қалыптасуда.

Егер 2018 жылы мұнай әлемдік нарықта 32%-ға өсіп, ал теңге құлдыраған болса, онда 2019 жылы мұнай бағасының 20%-ға төмендеуі болжанған жағдайда теңге бағамы осы немесе одан да көп шамаға төмендейді.

Жылжымайтын мүлікті сатқан дұрыс па?

«Долларлық эквиваленттегі тұрғын үй жылжымайтын мүлігіне келер болсақ, менің ойымша, ол қатты өзгермейді, сәл төмендей түседі.

Жалақысын теңгемен алатын және жинақ жасауға мүмкіндігі жоқ адамдарға сатып алушылық қабілетін сақтау тәсілі жоқ

Бәлкім көп жұмыс істеу қажет шығар. Мен өзім де осы жағдайдамын. Жинақты валютада сақтауға кеңес беруге болады», — дейді Додонов.

Теңге бағамы бойынша өзінің жаңажылдық болжамдарын ол өзгертпеді — бір доллар үшін 400-450 теңге. Бұл қашан орын алады — қазір ме, көктемде немесе кейінірек пе, жағдайға байланысты анықталады.

«Ай сайын өз болжамымды өзгертіп отыратын мен ХВҚ емеспін, оның үстіне мұнай да тұрақты емес. Меніңше, биыл бағасы төмендейді және бюджетте белгіленген параметрлер аралығында болады, шамамен барреліне 55 доллар. Ал өткен жылы ол барреліне 75 доллар болған. Бұл Қазақстанның макроэкономикасына қатты әсер етеді», — дейді сарапшы.

Рубльді қадағалаңыз

Бас сарапшы Альпари Вадим Иосубтың айтуынша, 2018 жылы теңгенің төмендеуі негізінен сыртқы факторлардың әсерінен болды. Мысалы,

тамыз-қыркүйекте Ресей рублінің құлдырауы салдарынан күрт төмендеді

Бұл қаржы санкциялары мен дамушы елдердің шағын дағдарысы салдарынан болды.

Қазан айынан бастап әлемдік нарықтағы мұнай бағасының жыл соңына қарай Brent маркалы барреліне $86-дан $51-ге дейін төмендеуі қуатты фактор болды.

«2019-да теңгенің күрт әлсіреуі теориялық тұрғыдан мүмкін, бірақ сол сыртқы факторлар қайталанған жағдайда ғана», – дейді сарапшы.

Алайда, мұнай бағасы қазір барреліне $60-дан жоғарыға тұрақтады. Ресей АҚШ тарапынан жаңа қаржы санкцияларынан қорыққан болатын, бірақ ішкі саяси келіспеушіліктерге байланысты Америка Үкіметі қазір басқамен бас қатыруда.

«Жыл басынан бері айтарлықтай нығайған Ресей рублін мұқият қадағалау керек.

Ресейден импортталған жағдайда ғана теңге күрделі девальвацияға ұшырайтын болады», —

деп болжайды сарапшы. Ол доллардың 400 теңгеге дейін бірқалыпты өсу сценарийін ең ықтимал деп санайды.

«Әрине, егер Ресей рублінің және/немесе мұнай бағасының күрт құлдырауы орын алмаса», — деп атап өтті ол.

Жинақ ақшаны қалай көбейтуге болады?

Иосубтың айтуынша, жалақыңды валютада есептеу – өткеннің сарқыншағы.

«АҚШ-та америкалықтар жалақысы еуроға шаққанда құлдырап кетпеуін қадағаламайды. Және, керісінше, Еуропада доллар өсіміне байланысты еуролық жалақыны индекстейік демейді. Жалақы динамикасын инфляциямен салыстырудың мәні бар. Халықтың байып, не кедейленіп жатқанын дәл осы анықтайды», – дейді сарапшы.

Жинау мен көбейтудің негізгі принципі — әртараптандыру

«Жинақ ақшасы бар адамдарға мен доллар, еуро және теңгеге тең бөліктермен үш валютада сақтауға кеңес берер едім. Және «жастық астында» емес, сенімді банктегі депозитте», — деп кеңес берді Вадим Иосуб.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз