Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-6
USD
431
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.68
0.00

“Теміртаудан келдік”. Қызылордада үй тонаушы ұрылар ұсталды

Мәселен, 2016 жылы полицияға 58-жастағы қала тұрғыны арызданып, Жалаңтөс Баһадүр көшесінде орналасқан көп пәтерлі үйінің есігін белгісіз азаматтар күндізгі уақытта ашып кіріп, 2 дана алтын алқасын, 2 дана кулонын, 2 дана алтын сырғасын қолды етіп, 2 миллионнан аса шығын келтіргенін көрсеткен.

Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығына қатысты күдіктілердің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 2 күдікті азаматты Қарағанды облысында құрықтады. Олар 1985 жылы туылған Теміртау және Кентау қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер өздерінің құйтырқы әрекеттерін бір жолмен іске асырып отырған. Күндізгі уақытта пәтер иелерінің үйде болмағанын пайдаланған күдіктілер қолындағы кілттер жинағымен сыртқы есіктің құлпын ашу арқылы ішке кіріп, жәбірленуші азаматтардың үйіндегі барлық бағалы заттарын, ақшаларын, алтын бұйымдарын ұрлап кетіп отырған.

Олар 5 жәбірленушіге, шамамен, 6 миллион теңгеге жуық шығын келтірген.

Осы дерекке байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз