Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Теміртауда жеті студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ол жас жігіттердің барлығы Оңтүстік Қазақстаннан келгенін атап өтті. Студенттер техникалық колледждің жатақханасында тұрады екен.

«Бұзақылық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Криминалды полиция қызметкерлері екі азаматты ұстады, қазір олар уақытша ұстау абақтысында. Сондай-ақ тағы бірнеше адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жастар қыз үшін жаға жыртысқан», – дейді Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Болжам бойынша, студенттер арасындағы төбелес қыз үшін басталған. Әзірге, оқу мекемесінің ұстаздары бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермей отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз