Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
421
+0.03
EUR
510
+2.47
RUB
5.7
+0.04

Теміртауда отырып көкшетаулықтарды алдап соққан

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Егоровпын деген бұл адам оларды балалары есірткімен немесе қару жарақ сақтағаны үшін қолға түсті деп қорқытқан. Егер жылдам ақша жіберсе, мәселе оңай шешілетінін айтып уәде беріпті. Осындай арбауға 20-дан аса  адам түскен екен. Аңқау тұрғындар балалары үшін  терминалмен ақша жіберуге мәжбүр болған. Олардың әрқайсысы полиция атын жамылған азаматқа 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша жіберген. Алданғандарын білген соң полицияға шағым түсіріпті. Осы іске қатысы бар 46 жастағы азамат Теміртауда ұсталды. Ол бұған дейін де алаяқтық жасап, бірнеше рет сотталған болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз