Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Темекі шегуге қарсы күрес: Тұманды Альбионның табыс формуласы

519

Ұлыбританияда ересектер арасында темекі шегу әдеті туралы статистикалық мәліметтер елде темекі тартудың таралуы 15 пайызға дейін төмендегенін көрсетеді. Бұл дегеніміз, қазір Ұлыбританияда 2011 жылға қарағанда екі миллион темекі шегушіге аз көрсеткіш. Осылайша, қазір елдегі шылым тартушылардың болжамды саны 6 миллионға жуық. Бұл тарихи қысқару жолында Темекі және Ілеспе тауарлар бойынша британдық заңнама темекі түтінінен бос ортаны, ішкі жарнаманы, ішкі нарықта сатуды және жас шектеулерін ақылға қонымды басқарды және бақылай алды. Бірақ ең басты қадам ретінде сарапшылардың пікірінше, бір мезетте темекі шегушілерді дәстүрлі темекіні шегу әдетінен бас тартуға итермелеуге бағытталған зиянды азайтудың жалпыұлттық стратегиясының қабылдануы саналады. Мұны жасауға өз септігін тигізді: тәуекелге бағытталған реттеу – заң шығарушылар өніммен келтірілген зиянды ескере отырып, балама өнімдерді реттеу мәселелеріне анағұрлым салмақты қарауды шешті, яғни Британия үкіметінің пікірі бойынша өнім ағзаға азырақ зиян келтірсе, сәйкесінше қатаңдығы жеңілдетілген реттеу қолданылуы тиіс.

Темекі шегуге қарсы күрестегі екінші маңызды құрал: дәстүрлі темекіге қарағанда баламалы өнімдердің артықшылықтары туралы (түтінсіз өнімдер: электронды темекі және табак қыздыру жүйелері – ред.) шылым шегушілердің хабардар болуын күшейту, дәстүрлі темекі шегумен салыстырғанда баламалы өнімдерді пайдалану зияндылығының аздығын тұрақты растайтын тәуелсіз ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы ел арасындағы темекі шегетіндердің құлағдарлығы.

Мысалы, Ұлыбритания мен олардың темекі шегуге қарсы күреске деген көзқарасы басқа елдерде де ұшырасады. Мәселен, Филиппиндерде Ұлыбританиядағы зиянды төмендету тұжырымдамасының және ағзаға зиянды аз келтіретін балама өнімдердің артықшылықтары туралы ақпараттандырудың арқасында темекі шегушілердің саны күрт қысқарғанына назар аударылады. Медициналық кеңесші және отбасылық денсаулық жөніндегі дәрігер Лоренц Мапаның айтуынша, Ұлыбританияда және Филиппиндерде темекі шегу аурудың және мерзімінен бұрын өлімнің негізгі себебі ретінде қарастырылады, сондықтан олар темекі шегу деңгейін төмендету үшін белсенді сипаттағы шешімдерді іздейді.

«Электронды темекі және табак қыздыру жүйелері сияқты никотинді жеткізудің альтернативті жүйелері темекі шегу деңгейін төмендетуде және халықтың денсаулығын жақсартуда маңызды рөл атқарады», – деп келтіреді «The Manila Times» газеті дәрігер Мапаның сөзін.

Ал, бізге Қазақстанда британдық тәжірибені зерделеп, баламалы өнімдерге бағытталған реттеуді қолдану артықшылық етпейді – бұл зияны аз өнімдерді жеңілдетілген реттеуге келтіру, өйткені, дәл осы уақытта елімізде темекі шегушілердің саны өсіп келе жатқан кезде қателікке жол бермеу және дұрыс стратегияны таңдау аса маңызды, ал бұл халықаралық тәжірибе көрсеткендей, әрқашан тыйым салу ғана емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз