Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Темекі шегуді тастау? Оп-оңай! Психолог кеңестері

897
aif.ru

Сән тек заттарға ғана емес, өмір салтына да өзгеріс енгізеді. Бүгінгі күні денсаулықты күту және зиянды әдеттерден арылу заман талабына айналды. Бірақ кейде бұл туралы айту оңай, іске асыру қиын. Психолог Виктория Чеботникова – психология ғылымдарының кандидаты, PhD, 14 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар тағамдық және химиялық тәуелділік бойынша маман. Ол зиянды әдеттер туралы біледі, ал ең бастысы, олармен қалай тиімді күресуге болатынын анық айта алады. Біздің тілшіміз маманмен қазақстандықтар арасында ең көп таралған зиянды әдет – темекі шегуден қалай құтылуға болатыны туралы әңгімелесті.

– Темекі шегу бұл күшті тәуелділік? Онымен күресуге бола ма?

– Әрине, шылым тарту бұл тәуелділік, бірақ тәуелділікке маманданған адам ретінде, ол ең ауыры емес деп айта аламын. Мысалы, кей азық-түліктерге тәуелді болу одан әлдеқайда ауыр келеді. Әдет салдарынан тәуелді адамдар өздеріне көп зиян келтіреді және бұдан құтылу қиынның қиыны. Осы ретте мен алкоголь немесе есірткіге тәуелділік туралы айтып тұрғаным жоқ. Бүгінде шылым шегудің зиянды әдетімен күресуге бар мүмкіндік бар, тіпті оған қоғамның өзі де ықпал ете алады. Менің мектептегі жылдарымда темекі тарту сән есептелді, ал қазір салауатты өмір салты (СӨС) сәнге айналды.

Виктория Чеботникова

– Психикаға күш түсірмей, темекіні тастай алатындай нәтижеге жету үшін не істеу керек?

– Бұл сұраққа жауап беру үшін бұл тәуелділіктің табиғатын және оның қалай пайда болатынын түсіну маңызды. Бала өмірге келген кезде сору рефлексі пайда болады және қанағаттануға құлшынысы оның алғашқы «құтқару таяқшасына» айналады. Ана сүтімен бала тек тамақты ғана емес, сонымен қатар қорғалу сезімін де алады – «мен біреуге керекпін, мені жақсы көреді, мен – ол мен». Содан кейін есею кезеңі келеді, бала мектепке барады. Бұл ортадан ол көп әсер, эмоциялар алады, бірақ уақыт өте отыр, жүгірме, айқайлайлама, бұзық болма, көп сөйлеме сынды ескертпелерден бар әсер мен эмоциялар өше бастайды. Талап етілмеген эмоциялармен күресу үшін, кейбіреулері тамақ көп ішіп, салмақ жинай бастайды, ал басқалары темекі тартуға әуестенеді.

Физиология тұрғысынан никотинді тәуелділік 6-8 сағат ішінде өтеді, ал психологиялық тәуелділікпен күресу осы ретте маңыздырақ. Адам өзімен-өзі жалғыз болғысы келген кезде немесе эмоциялармен күрескісі келген шақта темекіге жүгінеді. «Мен ашуланбаймын, одан да темекі тартайын» – бұл шылым шегушінің әдеттегі реакциясы. Мұны тоқтату үшін сіз өзіңізбен, сезімдеріңізбен, айналаңыздағы шындықпен байланыс табуыңыз қажет. Сіз өзіңіздің сезімдеріңізге, қажеттіліктеріңізге назар аударып, оларды темекі емес, басқа нәрсе есебінен жүзеге асырудың жолдарын іздеуіңіз орынды.

– Сіз ең тиімді деп санайтын қандай әдістер бар?

– Темекіні тастауда БиоПсихо-Әлеуметтік-Рухани тұжырымдамасын қолдануға болады. Яғни, биологиялық деңгейде темекі шегудің зияны туралы және осы зиянды қалай азайтуға болатындығы туралы ақпараттың барлығын біліп алуыңыз қажет. Психологиялық тұрғыда «темекіні тұтандыруды» қалап тұратын сезімдерді, эмоцияларды, жағдайларды түсіну және балама әдістерді іздеу. Мысалы, медитация, саналы тыныс алу, назарды басқаға аудару, душ, дәмді тамақ (бірақ ақылға қонымды мөлшерде). Әлеуметтік сипатта, әрине, темекі шекпейтін ортаны іздеген дұрыс. Бірақ сіз рухани компонент туралы мұқият ойлауыңыз керек – үйлесіммен өмір сүретін адам өз ағазасын уламайды. Сіз өзіңіз үшін маңызды бірнеше құндылықтарды табуыңыз керек. Айталық, кейде аналарға темекіні тастау оңай, себебі олар балаларға жаман үлгі көрсетпеуі керек, немесе мысалы жұмыс қабырғасында – салауатты өмір салтын жақтаушы, темекі шекпейтін бастық, сізге әлеуметтік құндылықтарға «мықтап бекініп» қалуыңызға мүмкіндік береді. Барлығы әрине, өте жеке, алайда тек сіз үшін маңызды, сезімтал келетін құндылықты табу әрқашан болады.

– Темекі шегуден кейін ашуланшақтық пен қызуқандылық басылады. Темекі шегу стрессті азайтады ма? Немесе одан да көп күйзеліс тудырады ма?

– Көптеген тәуелділіктерде «пайдаланудың қызғылт фазасы» деа аталатын ұғым бар. Ол әдетте бастапқы шақта орын алады және осы уақытта темекі стрессті жоятындай көрінуі мүмкін. Дегенмен, уақыт өте темекі шегу әдетке айналған кезде адам шылым тартуды жиілетеді – ренжігенде, көңілі тыншығанда немесе көңілі толғанда және с.с. Шылым шегу ол үшін жайлылық аймағына айналады, ал темекіні тастау үшін одан шығу керек екендігі айтпаса да түсінікті.

– Темекі шегуден бас тартқан кезде шылым шегушінің күйіндегі қандай өзгерістерді айтуға болады?

– Өзін-өзі жеңу – сөз жоқ, ең күшті жігер береді және адамның өзіне, қабілеттеріне деген сенімін арттырады. «Менің осындай істі соңына дейін жеткізем алғаным, кез-келген мақсатты жете алатынымды көрсетеді» –  бұл айрықша күш-жігер сыйлайды. Яғни өзін-өзі бағалау жоғарылайды, бұл – өте оң өзгеріс. Темекі шегу невротикалық реакция болып табылады. Темекіні тастаған адам невроздарынан арылып, соңында тынышталып, байсалды болады.

– Темекі шегушілердің негізінен, никотинді алмастыратын терапияны қолдануға аса құлқы жоқ, себебі олар никотин патчтары және басқа да препараттар сияқты дәріханаларда сатылады. Бұл адамға психологиялық тұрғыдан ыңғайсыз болуы мүмкін, өйткені «науқастар дәріханаға барады, ал мен сырқат емеспін» деген ой туындайды. Осы жағдайда темекі шегу ритуалы сақталатын, алайда зияны айтарлықтай төмен деп қаралатын электронды темекі мен темекіні қыздыру жүйесінің артықшылықтары бар ма?

– Мен өзім шылым шегуден темекіні қыздыру жүйесіне көшкенмін, сондықтан бұл мәселені маман ретінде ғана емес, пайдаланушы ретінде де түсіндіре аламын. Темекі шегудің балама тәсілі ретінде бұл гаджет ағзаға аз зиян келтіруде өз септігін тигізе алады, бірақ психологиялық тәуелділіктен арылта алмайды. Екі жамандықтың арасынан зияны азын таңдаған абзал, әрине. Демек, темекіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдар үшін – бұл толығымен түсінікті жасалатын қадам. Никотинді алмастыратын терапияға келетін болсақ, оның бір кемшілігі – үйреншікті темекі шегу ритуалының болмауы, бұл дегеніміз – тәуелділікке жетелейтін компульсивті әдет, невротикалық реакция. Бұл ретте электронды темекі мен темекіні қыздыру жүйесі мұндай минусқа ие емес. Тағы қайталап өтудің артықшылығы жоқ – адамның физикалық және психологиялық денсаулығына арналған ең дұрыс нұсқа бұл – темекі шегуден толығымен бас тарту.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз