Астанада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 30 жастағы ер адам қолға түсті. Тергеу барысында анықталғандай, ол Instagram парақшасында жалған хабарламалар жариялап, азаматтарға зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп беруге көмектесетінін айтқан. Алаяқ сенімге кіріп, азаматтардан өз Kaspi Gold картасына ақша аударуды сұраған.
Қазіргі таңда күдіктінің 17 түрлі эпизодқа қатысы бары дәлелденіп отыр. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК 190-бабы аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті халықты мұндай алаяқтарға алданып қалмауға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.