Маңғыстауға келген бір топ француз саяхатшысы Бозжыра шатқалының көркем табиғатына ерекше әсер алғанын жеткізді. Туристер «Бозжыра» визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне қатысып, өңірде туризм инфрақұрылымының дамуына куә болды. Олар бұл бастаманың сәтті боларына сенім білдіріп, оң пікірін бөлісті.
Француз велосаяхатшысы әрі кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін де Орталық Азия елдерінде бірнеше мәрте болғанын айтып өтті. Ол үш жыл бұрын Маңғыстауды велосипедпен жалғыз аралап шыққанын, сондағы әсері арқылы өз жерлестерін осы сапарға алып келгенін жеткізді. Бозжыраның қайталанбас табиғаты саяхатшыларды ерекше таңғалдырды.