Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Телефондар сыныпта еш кедергі келтірмейді, барлығы оқытушыға байланысты — зерттеу нәтижелері

145
Сурет: l-a.no

Смартфондар күнделікті өмірге мықтап енгеннен бері біз көптеген ғылыми пікірталасқа куә болдық. Сыныпта мобильді құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру немесе тыйым салу тақырыбының айналасында сан түрлі пікір айтылады. Ақыр соңында, сарапшылардың көпшілігі сабақта телефон қолдануға болмайды деген пікірге келді.

Алайда Дания техникалық университетінің бір топ ғалымы тақырыпты жандандырмақшы. Екі жылдық зерттеу нәтижесі студенттердің смартфондарды қолдануы оқу мен үлгерімге теріс әсер етпейтінін көрсетті.

Технологиялардың алындағы қорқыныш

Оқу процесінде жаңа технологиялар жиі қолданылады. Мысалы, білім деңгейін тексеретін тестілеуде инновациялар көп. Алайда қай жерде болсын студенттердің сол технологияларды пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Копенгаген әлеуметтік ғылымдар орталығының доценті Андреас Бьерре Нильсен: «біз сыныпта ұялы телефондарды, технологияларды пайдаланудың алдындағы қорқынышымыздан арылуымыз керек», — дейді.

Ол және оның әріптестері

алдыңғы зерттеулер нақты проблемаға емес, жаңа технологияларға ішкі қарсылыққа негізделген болуы мүмкін

деп ойлайды.

«Бұрын оқушыларда ұялы телефондар болмаған. Бірақ сабақ оларды қызықтырмаса олар терезеге, төбеге қарап басқа нәрсе туралы ойлап отыратын, сурет салатын және т.б.

Қолымызда бұрынғы студенттердің назарын басқа жаққа аударуы қаншалықты жиі болатындығы туралы мәліметтер болса, менің ойымша, алаңдаушылық деңгейі бүгінгі ұялы телефондарға үңіліп отырған деңгейге сәйкес келер еді», — дейді зерттеуге қатысқан профессор Дэвид Дрейер Лассен.

Сауалнама нақты мәліметтерді бере алмайды

Зерттеу аясында университеттегі 470 студенттің смартфонды қолдануына үздіксіз қадағалау жасалды. Екі жылдағы нәтиже арнайы қосымшаға енгізілді. Осылайша ғалымдар смартфондарды пайдалану мен оқу үлгерімі арасында байланыс орнатуға тырысты.

Вирус мутацияға ұшырағандықтан COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет туралы айта алмаймыз — дәрігер

Зерттеушілер  оқушылар мен оқытушылардан сауалнама алуға негізделген бұрынғы әдістемеден саналы түрде бас тартты. Бұл субъективті тәсіл. Мінез-құлық деректерін жинау және талдау шындықты іздеудің жаңа және ерекше тәсілін қолдануға мүмкіндік берді.

Адамның мінез-құлқын зерттеудің ең көп таралған тәсілі — ұзақ мерзімді байқау және орташа мәнді шығару. Алайда ғалымдар бұл тәсіл тым қарапайым деп санайды.

«Зерттеуімізде бірнеше курстағы студенттердің ұялы телефонды қолдануын қарастырдық. Қарастырылған топтардың жеке айырмашылықтары мен контекстін ескердік. Мысалы,

оқушылар белгілі бір мұғалімнің сабағы қызықсыз немесе жалықтырады деп санағандықтан, олар смартфонға жүгінеді

Олар таңертеңгі сабақта шаршап, сабаққа зауқы жоқ болып отыруы мүмкін. Біз осы факторларды, сондай-ақ алдыңғы зерттеулер қалған басқа айнымалыларды енгіздік. Бұл біздің нәтижемізді күшейтеді», — дейді Бьерре-Нильсен.

Айтпақшы, оның айтуынша, зерттеу нәтижесінің арқасында оқытушылар құрамында тазарту болды. Арнайы комиссия екі педагогтың біліксіздігін растады. Олардың дәрістерінде студенттер смартфондарына көбірек қараған.

«Жаңа технологиялар әлемді жаулап алды. Осына түсінетін уақыт келді.  Дәл сол смартфондарды білім беру процесінде белсенді қолдана бастау керек», — деп түйіндеді Бьерре-Нильсен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз