Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тегіңнің өзі айтқандай – Құдайберген”. Қазақ халқы атынан Димашқа бата берілді (видео)

200

Көпке асар дауысың бөлек екен
Тыңдағанда тамаша ерен екен
Қос әншінің баласы құр бола ма
Қасқадан төбел туар деген екен
…Тегінде түгел жүйрік болса егер
Құрсағында құр тұлпар жата ала ма?..

Жүйріксің дара, шабар аламанда
Бәрі бірдей сен құсап шаба ала ма?
Ағаң болып батамды берейінші
Жәрдем болсын бауырым, саған Алла!

Жұлдызыңды Жаратқан жақты бүгін
Топқа түсіп, көрінді нақты құның
Айтқан тілек, берген бата қабыл болып
Берсін Алла өзіңе сәттілігін!

…Ағалық айтып жатқан тілегімді
Жалпы қазақ атынан деп қабылдарсың!

Оқылған бата өлең Димаш Құдайбергеннің сахнадағы видео слайдтарымен әрленген. Әлеуметтік желіде қазақ халқы атынан берілген бұл батаға барша “Аумин!” десіп, көптеп бөлісіп жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=Uve1t1ucRTY

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз