Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тегін жұмыс-тегін тамақ”. Экспо еріктілерін әкімшілік фаст-фудпен тамақтандырмақ

«Экспо» кезінде туристер мен қала қонақтарына қызмет көрсетіп, бағыт-бағдар беретін осы еріктілер. Студенттер мен оқушылардан жасақталған тегін жұмыс күшіне бірдей киім үлестіріліп, жатын орындар берілген. Әрі үш уақыт ыстық тамақ бар. Қызметі үшін соқыр тиын да алмайтындықтан, ішіп жемі тегін.

«Экспо» туралы мектепте болғанда естідім. Және осы көрмеге қатысамын деп шештім. Өйткені бұл үлкен жауапкершілік.

Алда-жалда ыстық тамақ жетпесе, фаст-фуд бар. Астана әкімдігі жылдам тамақтандыру фирмасымен келісімге қол қойған. Енді еріктілердің қарны ашқанда, бургер мен гамбургерді сүйкеп алуына болады. Бірақ 90 күн бойы жейтіндіктен, олардың артық салмақ жинауы да ғажап емес. Тек, қыз-жігіттер мұны ойлап жатқан жоқ.

“Егер үлгермей фаст-фудпен тамақтандырып жатса, қарсылығым жоқ. Бірақ, күнде емес енді”, – дейді ерікті Әсел Бақытова.

Мыңға тарта еріктілерді ас-сусыз қалдырмаған шенеуніктер жүгенсіз кеткен таксишілермен алысып әлек. Өйткені, осындай жүргізушінің бірі «Экспоға» келген туристі жақын жерге жеткізіп, қалтасынан 40 мың теңге сыпырып алған болатын. Ұятты жағдайдан соң атқамінерлер такси қызметтерімен жұмысты күшейткен.

“Сол такси жүргізушісі есептеуіш құралым іске қосылмай қалған деп ақталды. Енді барлығына ескерту жасадық. Яғни, есептеуіш құрылғысын қоспаған таксишілерді тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейміз”, – дейді Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Ал, жарнамасы жер жарған «ЭКСПО-ны» көру үшін туристер ұшақ пен де пойызбен де келіп жатыр. Тіпті, олардың көптігі сонша Азаматтық авиация комитеті Астанаға келетін рейстердің санын арттырған.  Яғни, Астана аспаны кез-келген әуе компаниясы үшін ашық. Бұл «ЭКСПО-ға» келетін туристерге ғана емес, еліміздің азаматтары үшін де өте қолайлы. Яғни, көрме аяқталғанша Елордадан әлемнің кез-келген бұрышына ұша алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз