Негізінен, қазақ әсіре қанағатшыл халық па деп қалам. Біз тұратын “Әлмерек” ықшамауданында бұрын түріктер 90 пайыздан асатын.
Балаларын әлбетте, “Әлмеректегі” жалғыз орыс мектебіне оқытты. Ол мектепте қазақ класы мүлдем жоқ еді.
Кейінгі жылдары мұнда қазақтар көптеп үй салып, жалпы тұрғынның 70 пайызынан асты.
Әлгі жалғыз орыс мектебі эволюциялық дамумен қазақ мектебіне айнала бастады.
Қазір 1-сыныптан 9-сыныпқа дейінгі жалғыз орыс класына үш қазақ класынан келеді. 9-сыныптан ары орыс сыныбы жоқ. 11-сыныпты тек, қазақ кластары ғана оқып шығады.
Айтпағым бұл емес. Мектептегі тамақтандыру мәселесі. Жаңа оқу жылына мектептен тамақ ішетін балалардың тізімі жасалып жатыр.
Былай қарасаң, олардың әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Әр үйде кемінде екі машина, бірнеше ірі қарасы, ұсақ малдары бар. Саудамен айналыспайтыны жоқ. Мұғалімдер пәтер жалдап тұратын қазақ ата-аналарды әдейі шақыртып, “балаларыңызды тегін тамақ тізіміне енгізейік, мынадай анықтамалар әкеліңіз” десе, “ұят болады ғой”, – деп қашатын көрінеді.
Тіпті, күні кеше жағдайы төмен болса да тізімге енген 6 ата-ана “тегін тамақтан бас тартамыз” деп өтініш жазып кетіпті…
Тоқтар Жақаш,
Фейсбук парақшасынан