Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Теңізбаевқа ресми түрде Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі берілді

Осыдан біраз күн бұрын «грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуан Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі берілуі мүмкін» деп барлық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды.

Алайда, балуанның өзі бұл мәселеге байланысты:

«Құрметті достар! Бейжің Олимпиадасы мен үшін спорттық мансабымның шыңы болды. Әрбір спортшы Олимпиада ойындарының жеңімпазы немесе жүлдегері болғысы келетіні анық. Спортта ұзақ уақыт жүріп, ешқашан жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүргенді қолдамайтынмын және қолдамаймын да.

Қандай медаль болсын, оны кілем үстінде жеңіп алғанды қолдаймын. Дәл сол күні, мені Әзербайжан балуаны Виталий Рагимов ұтқан болатын, Виталийді талантты да мықты балуан ретінде танимын. Сол күні үшінші орын иелену менің маңдайыма жазылған болар, маған өзімнің ұтқан қола медалым аса қымбат.

Күміс Виталийге және оның жанұясына тиесілі. Ол медальдың артында көптеген адамның еңбегі жатыр. Күміс сол еңбектің жемісі деп ойлаймын! Сіздердің жылы лебіз және қолдауларыңызға үлкен алғыс айтамын», – деп мәлімдеген болатын.

Бірақ, Теңізбаевтың қарсыласы Виталий допинг қолданғаны үшін медалінен айырылып, есесіне ХОК оның жүлдесін Олимпиада да үшінші орын алған қазақстандық балуанның еншісіне жазды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз