Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Тәжікстанның ерекше жолы: коронавирустан 47 адам қайтыс болды

239

Душанбеде жаппай іс-шараларға 30 мыңға жуық адам қатысты. Сондай-ақ, 26 мамырдағы жағдай бойынша елде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 3 266-ға жетті, 47 адам көз жұмды.

Осылайша, Тәжікстан коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны бойынша Орталық Азия өңірінің көшбасшысы болды.

Осы уақытқа дейін вирустан 1 417 адам емделді. Бұл туралы «Азия-Плюс» тәжік агенттігі коронавирус мәселелері бойынша Бірыңғай ұлттық порталға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биліктің іс-әрекеттері туралы алғашқы ақпарат сәуірдің соңғы  күндері жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды. Алайда денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері елде бірде-бір жұқпалы ауру анықталған жоқ, алдын алу шараларын тек қауіпсіздік үшін қабылдадық деп мәлімдеуді жалғастырды.

Онлайн-оқудың орнына демалыс берілді

25 сәуірде коронавирустың алдын алу жөніндегі республикалық штаб отырысында барлық мектептер, балабақшалар, колледждер мен училищелерді уақытша демалысқа жіберу туралы хабарлады. Мектеп оқушылары 27 сәуірден 10 мамырға дейін демалды, ЖОО-да сабақтар жалғасты.

Сонымен қатар, сәуірдің соңынан Тәжікстан

азық-түлік өнімдерінің кейбір түрлерін: дәнді, бұршақты, жұмыртқа және ет экспортын тоқтатты

Бүкіл ел бойынша митингтерге, спорттық іс-шараларға тыйым салынды, кинотеатрлар мен театрлар жабылды.

Әлеуметтік арақашықтық және қауіп-қатер тобы

Астаналық билік дезинфекциялық жұмыстар жүргіземіз деп 30 сәуір мен 10 мамыр аралығында барлық киім-кешек базарларын жауып тастады. Алайда алдын алу шараларына орай бір аймақтан екінші аймаққа баратын көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылған жоқ.

Жағдай 30 сәуір күні өзгерді

30 сәуір күні Коронавирус пандемиясының алдын алу бойынша Республикалық штабтың шұғыл отырысында

Тәжікстанда вирус жұқтырған адамдар туралы хабарлады

15 жағдай анықталды: 10-ы — Согди облысында, 5-і — Душанбеде.

Осы күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Оның баспасөз қызметі жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша барлық жауапты құрылымдарға қатаң нұсқаулар берілгенін хабарлады. Коронавируспен күреске ел басшысы айлық жалақысын жұмсады.

Үкімет дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

Президент қорынан медициналық қызметкерлерге қосымша ақы төлеу үшін 12,4 млн сомони (шамамен $1 млн 200 мың) бөлінді

Коронавирусты таралуымен күресетін медицина қызметкерлері үш ай ішінде жалақысына қосымша бір лауазымдық жалақы мөлшерінде қаражат алатын болады

Вируспен күрес жүргізген алғашқы үш күннің ішінде Душанбеде 100 тонна хлор және басқа да зарарсыздандыру құралдары

және 40 арнайы техника қолданылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстанда 4 мамыр күні 230 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Алғашқы үш адам көз жұмды

Жедел қауіпсіздік шаралары қабылданды

Осы күннен бастап Тәжікстанда медициналық бетперде киіп жүру міндетелді.

ЖОО-ның 1-3 курс студенттерін 4 мамырдан бастап жазғы демалысқа жіберді.

«Олардың бағасы алдыңғы рейтингтеріне қарап қойылады. ЖОО түлектері 15 мамырға дейін мерзімінен бұрын емтихан тапсыру керек», —деп нақтылады пандемияның алдын алу штабында.

Тәжік бетпердесі және жоғары шенді науқас

20 мамыр күні Тәжікстан президенті мен Душанбэ мері

астанадан төрт уақытша емхана ашты, олар 2 мың науқасқа есептелген

Пенджикент педагогикалық институты «Маърифатпарвар» мекемесімен бірлесіп

COVID-19-ға қарсы күміс иондары бар бетперде шығаруға кірісті

Тәжік ғалымдары мұндай бетперде адамдарды ауа-тамшы жолмен берілетін аурулардан қорғай алатынына сенімді.

24 мамыр күні ораза аяқталғаннан кейін, айт намазын оқылмайды деген шешім қабылданды.

26 мамырда «Радио Свобода» тәжік қызметі Тау-Бадахшан автономиялық облысының төрағасы Едгор Файзов жұбайымен бірге ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Мамыр айының соңында арнайы рейстерді іске қосты

Мамыр айының соңында Тәжікстан коронавирустың әлемдік пандемиясы салдарынан елге кіре алмаған өз азаматтарын қабылдай бастады.

23 мамырда Стамбулдан келген Тәжікстанның 50-ден астам азаматы тапсырған коронавирус сынағы оң нәтиже берді. Олардың көпшілігінде ешқандай белгілер байқалмады. Барлығы шипажайға карантинге жіберілді. Вирус жұқтырғандар бірден оқшауланды.

24 мамыр күні Мәскеуден арнайы рейспен ұшып келген екі тәжікстандықтың да коронавирус жұқтырғаны анықталды.

26 мамырда «Орал әуе жолдары» әуекомпаниясының арнайы рейсімен елдің 159 азаматы Екатеринбургтен Душанбеге  жеткізілді. Соңғы бірнеше ай ішінде олар Ресейде шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз