Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-14
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Тәжікстандағы билік транзиті: «тақ» мұғагерлікпен беріледі

196
Эмомали Рахмон. Дереккөзі — ИА Regnum

Тәжікстанда билікті мұрагерлікпен беруге дайындалып жатыр. «Большая Евразия»  сарапшылар платфомасының координаторы Сергей Масауловтың жазуынша, билікті беру үрдісі басталып кетті. Ол бұл туралы ИАЦ МГУ порталында жарияланған мақаласында жазды.

Басты міндет  — қазіргі позицияны сақтап қалу

Душанбедегі халық депутаттарының мәжілісі Маджлиси Милли Маджлиси Оли (парламенттің жоғары палатасы) мүшелігіне кандидат ретінде Рустама Эмомалиді ұсынды. Рустам  — елдің қазіргі президенті  Эмомали Рахмонның үлкен ұлы.

Түрікменстандағы билік транзиті Бердымухамедовтан Бердымухамедовқа өте ме?

Конституцияға сәйкес, президент қандай да бір себеппен әрекет етуге қабілетсіз болып қалған жағдайда, оның орнына парламенттің жоғары палатасының төрағасы отырады. Яғни қазіргі жұмыстардың бәрі Рустам Эмомалидің палатаны басқаруы үшін жасалып жатыр.

Нәтижесінде саяси билікті мұрагерлікпен берудегі тәжіктердің нұсқасы туралы айтуға болады

Президент жанындағы сенімді топ

Р. Эмомали Душанбе басшысы лауазымына келген сәттен бастап елде билікті беру процесі басталып кетті. 2020 жылдың бастапқы кезеңінен бірінен кейін бірі болып жатқан оқиғалар бұл шаралардың алдына ала есеппен, болашақты болжау үшін жасалғанын  және

биліктегі топтың өзінің тамырларын нығайтып жатқанын көрсетіп отыр

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон  үкіметтегі және билік құрылымдарындағы негізгі лауазымдарды өзінің туысқандары мен сенімді тұлғаларына беріп, жылдан жылға жоспарлы түрде өзінің жанынан  үлкен саяси «сенімді топ» құрып жатыр.

«Тәжікстанның ұлттық альянсы» оппозициялық бірлестігі 2018 жылы 9 қыркүйекте түрлі ұйымдар мен қозғалыстардың басшыларымен кездесу өткізіп, өзінің атқарушылық құрылымын құрастырды. Бірлестіктің мақсаты Германияда анықталды. Оған батыстағы белді тұлғалар қолдау көрсетті. Бірлескен тәжік үкіметінің құрамына:

  • Тәжікстаннның ислами жаңғыру партиясынан – М. Кабири;
  • «Тәжікстанның азат ойлы тұлғарының конгресінен» — А. Шерзамонова;
  • «Тәжікстанның дамуы және реформалары» қозғалысынан — Ш. Гадоева;
  • «Орталық Азия мигранттары конгресінен» — И. Ёкубова кірді.

Мухиддин Кабири альянс көшбасшысы болып тағайындалды. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Себебі Мухиддин Кабири басқарған партия осы құрылымды құруға тікелей атсалысып және оппозицилық қарулы күреске де қатысқан.

Сондай-ақ Кабири елдегі танымал белсенділердің бірі, Еуропаға, Жақын және Алыс Шығысқа  танымал саясаткер.  Ол ислам апртиясының басшысы, философия докторы, бірнеше тілде еркін сөйлейді.

Рахмонға қауіп төніп тұр

Тәжікстаннан тыс жерден қазіргі билікке қауіп төніп тұр. Олар

осы аймақта қандай да бір мүддесі бар ірі елдерден қолдауына сүйенген радикалды террорлық топтар

Қуғынға ұшырап, Сирияға қашып кеткен Тәжікстанның ОМОН жасағының командирі Гулмурод Халимов 2018 жылы Ауғанстандағы шетелдік жалдамалы әскери күштерді басқарды. Ол  елге қайтып келіп, күш қолданып қазіргі билікті құлатамын деп жария түрде сес көрсеткен еді.

Тәжікстанда  «түрлі-түсті» революция қаупі төніп тұр, ол кез келген сәтте болуы мүмкін

Қазіргі билік тікелей қарулы күшті агрессия төнеді деп аса алаңдамайды. Алайда олар іштен қандай да бір жік түспеуіне көңіл бөліп отыр. Сондықтан мұндай жағдайда

мемлекет басшысы үшін маңызды позицияларды мұқият бақылауға алып, оларды конституцилық деңгейде басқара алатындай жағдай жасау керек

Сондықтан негізгі позиция Маджлиси Милли төрағасы лауазымына сенімді және адал кандидат керек.

Аймақтағы мұрагерлік тәжірибелері

Орталық Азия елдерінде билік ауысуының сценарийлері әртүрлі. Қазірдің өзінде бірнеше нұсқасы сынақтан өтті деуге болады:

  • шағын басқарушы топтың ішіндегі мұрагерлік,
  • мемлекеттегі бірінші тұлға  билікке келетін мұрагерді дайындап, оны ұзақ уақыт бойы жасырын ұстайды,
  • бұрынғы басшының негізгі билік ұстанымдары мен мемлекетті басқару саясатын сақтайтын жаңа сайланған президентке билікті заңды жолмен беру.

Орталық Азияда мемлекетте қанды төңкеріс жасау  және демокралиялық сайлау жүргізу тәжірибелері болды. Бірақ мұндай жағдайларда да билікке мемлекет көшбасшы қалаған мұрагерлердің отырғанын білеміз.

Алайда билік әкесінен баласына тікелей берілген жағдайлар болған жоқ. Евразия аумағында бұндай тәжірибелер кездесіп жатады. Дегенмен бақылаушылар  осы секілді процестердің күрделілігін, жоспарды жүзеге асыру барысындағы қателліктердің болғанын атап өтті.

Мұрагердің кім екені белгілі

Орталық Азияда адам өмірінің, денсаулығы мен жеке басының абыройы секілді құндылықтардың мәні жоғалып кетті

Адам капиталы мен адам әлеуеті негізгі құндылықтардың қатарынан шығып қалды.

Ұлтқа жаны ашитын, зиялы адамдардың билікке араласып, қоғам өміріне қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға атсалысуына мүмкіндік бермейді

Қоғам мен шаруашылық ешкімге бағынбай, өз алдына өзгеріп жатыр. Ұлттық идея жоғалып, халықтың мақтаныш сезмін оятатын құндылықтар жойылды.

30 жыл бойы реформа жасалып келген ел халықының қазіргі көңіл күйін үш сөзбен сипатауға болады: жалықтырды, тұрақтылық, тәртіп.

Сондықтан билікті мұрагерлікпен беруде “тақ мұрагері” ел ішінде танымал болуы керек. Орталық Азияда ертеден бері осы әдіс қолданылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз