Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Түрікменстандағы билік транзиті Бердымухамедовтан Бердымухамедовқа өте ме?

227

Түрікменстан билігі конституцияға енгізетін өзгерістерді дайындап жатыр. Сол арқылы

қазір құрып жатқан парламенттің жоғары палатасында бұрынғы президенттерге арналған орын дайындауда,

деп хабарлайды Reuters.

Қазіргі кезде елде бір палаталы Мәжіліс жұмыс істейді.  Өзгеріс енгізу арқылы жоғары палата Халық Маслихатын құрмақ. Ал бұрынғы президенттер автоматты түрде оның өмірлік мүшелері болады. Жоғары палатаның спикері президент науқастанып қалған жағдайда оның міндетін орындайды немесе президент қайтыс болса сайлауға дейін оның орнын басады.

Жобаға сәйкес,

өзгерістер 2021 жылдың 1 қаңтарында ашық талқылау өткізіп,

парламент мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.

Бақылаушылар жобаны

62 жастағы Бердымухамедов билікті өткізуге дайындалып жатыр деп бағалауда

Бердымухамедов 2020 жылдың ақпанында өзінің 38 жастағы ұлы Сердарды өндіріс және құрылыс министрі лауазымына тағайындады. Бұған қатысты ел арасында президент ұлын мұрагері ретінде дайындап жатыр деген әңгіме тарап кетті. Президенттің ұлы осыған дейін ірі аймақты басқарған және сыртқы істер министрінің орынбасары болған.

Нан аз, ал сапасы төмен

Ашхабадтағы мемлекеттік дүкендерде кесімді бағамен қойылған нан жетіспейді, деп хабарлайды Азатлык радиосы. Бір бөлкенің бағасы 0.6 манат, жеке кәсіпкерлер бұдан айтарлықтай қымбатырақ (Түрікменстанның Орталық банкінің бағамы бойынша  3,5 манат — $1). Мәселен, ақ нан — 2-3 манат, бородин нанының үлкен бөлкесі — 12, кіші бөлкесі — 6 манат.

Таңертең түскен нанды сапасының төмендігіне қарамай сол сәтте алып кетеді

Басқа аймақтардағы мемлекеттік дүкендерде азық-түлік жетіспейді.

—Түрікменстан халқының басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан және материалдық жағдайларының төмендеуінен елде күрделі экономикалық жағдай орын алды. Сол себепті мемлекет тарапынан қаржыландырылатын дүкендер жүйесі елдің қарапайым халқының күн көріс тәсілдерінің бірі ғана, — деп атап өтті портал.

Басқа да өсімдік майы, қант, ұн, тауық жұмыртқасы секілді сұранысқа ие тауарларды жеткізуде үнемі  кідірістер болып тұрады. Жеке секторда мұның бәрін оңай тауып алуға болады, бірақ бағасы қымбат.

Түрікменстан билігі қатарынан бірнеше жыл бойы орын алып келе жатқан экономикалық қиындықтарды ашық түрде мойындамайды және азық-түліктің неліктен жетіспей жатқанын түсіндірмейді. Мемлекеттік БАҚ халық тап болған қиын жағдай туралы жақ ашпайды.

Ойлағандай болған жоқ

21 ақпанда Бердымухамедов Туркменабат қаласында  (Лебап уәлаятында) жаңа мешіт ашты. «Түрікменстан хабары» басылымының хабарлауынша

жергілікті ақсақалдарды ашылу салтанатына 14 ақпаннан бастап дайындай бастаған

Олар салтанатты кездесуге қатысуы керек болған. Президентті уәлаяттағы мешіттің имамы мен этрап (аудан) мешіттерінің имамдары және мұқият таңдалған қала ақсақалдары қарсы алады деп жаспарланған. Ауыл ақсақалдары  олардың артқы жағында топ құрып тұруы керек еді.

Осы уақытта жергілікті билік көшелерге тәртіп орнатып, қаланың басты даңғылдарындағы ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізе бастады.

Ақсақалдарды бірнеше сағат бойы ескі мешіттің аумағында дайындық өткізуге мәжбүрледі.

Бердымухамедов келгенге дейін бір күн бұрын оларды «қорытынды дайындық» өткізу үшін жаңа мешітке алып келді.

Ол кешкі сағат 23 дейін жалғасты, бұл уақытқа дейін адамдарға су ішіп, тамақ жеуге рұқсат бермеген

Сонша уақыт дайындық жасағанына қарамастан, президентті қарсы алуға тек бірнеше ақсақалды жібереді. Басқаларына ғимараттың екінші қабатында қалыңдар деп бұйырған. Садақа туралы телерепортаж түсірілімі басталғанда ғана олардың төменге түсуіне рұқсат берген.

Мешіт салғанмен, жұма намазына баруға тыйым салды

Ал лепабтағы бюджеттік негізде жұмыс істейтін қызметкерлерге мешітке жұма намазға баруға тыйым салды. Бұйрық шыққан уақыт  Гурбангулы Бердымухамедовтің келген сәтімен сәйкес келді.

— Уәлаяттағы білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының, сондай-ақ әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұма намазына келмей, жұмыс орындарында намаз оқыңдар деп бұйырған. Оларға мешіттен көретін болсақ, жұмыстарыңнан айырыласыңдар деп ескерткен. Бірақ бұл тыйымға қарамастан кейбір бюджет қызметкерлері мешітке барып жүр, — деп хабарлайды портал.

Лепабтағы бюджет қызметкерлерінің айтуынша, мемлекеттік мекемелердің басшылары бұл тыйымның себебін түсіндірмейді. Бірақ бағынбағанадарды жазалаймыз деп қорқытатын көрінеді. Әзірге дейін қатаң жазаға тартылғандар туралы деректер жоқ, мешіт алдында күзетте тұрған қарулы күштер тек ескерту жасаумен шектелуде.

Жергілікті және орталық мемлекеттік органдардан қандай да бір түсіндірме пікір ала алмадық.

Түрікменстанда діни сенім еркіндігіне конституцияда кепілдік берілген. Алайда соңғы жылдары мешітке баруды шектеп, діншілдердің соңынан түскен.

2019 жылдың желтоқсанында Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері жеке құжатқа сақалмен суретке түскен азаматтарды тергеді деп хабарланған болатын. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті

Түрікменстанды діни бостандықты сақтау бойынша «үлкен үрей тудыратын» елдердің қатарына қосқан болатын

Түрікменстанға Ираннан коронавирус келе ме?

«Түрікменстан хабарының» ақпартына сүйенер болсақ, Түрікменстан Иранда коронавирус жұқтырған және одан қаза болған адамдардың саны артып кеткеннен кейін бұл елмен шекарасын жапқан.

Сондай-ақ Иран елшісі арқылы түрікмен билігі иранның шекараға жақын орналасқан ауылдарының адамдарын бейтарап аймаққа жақындатпауды сұраған. Сондай-ақ мал жаюға тыйым салуды да өтінген. Ирандықтар бейтарап аймаққа жақындаса

түрікмен шекарашылары ескерту үшін оқ атып, ары қарай аяқтарынан да ата алады

Азық-түлік өнімдерінің басым көпшілігі Түрікменстанға Ираннан келетін ескеріп, ендігі жерде елде тауар тапшылығының алдын алу үшін жергілікті билікке базардағы бағалардың өспеуін қадағалауды тапсырды. Ал сауда министрлігіне шетелдік өнімдердің тапшылығының орнын толтыру тапсырылды.

Иранмен шекаралас  уәлаяттарда коронавирус жұқтырғандарды орналастыру үшін  карантиндік зоналар құрылып жатыр. Ахал уәлаятанда Душак ауылындағы аурухананы осындай карантиндік аумақ ретінде таңдаған.

Түрікменстанда ауру жұқтырғандар туралы сенімді ақпарат көзі жоқ. Ақпанның бастапқы кезеңінде Пекиннен Ашхабатқа келген рейстің жолаушысын Түрікменабадта карантинге жапқан болатын, бірақ екі аптадан кейін оны шығарды. Кейіннен Ол жерге Қытайдан келген студент жатқызылды. Оны Түрікменабадтағы бұрынғы тубдиспансерде ұстап, кейін қаладағы ескі инфекциялық аурухананың карантиндік бөліміне жатқызды. Ендігі жерде вирус жқтырды деп күдік тудырған адамдардың барлығын сонда жатқызады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз