Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тәжікстанда баласының денесіне ине қадаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

101

Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері бірінші операция кезінде тек алты инені ғана алып шыға алды. Қалған төрт ине баланың денесіне терең еніп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денесіне ине үш ай бұрын кірген.

Бұған дейін мұндай оқиға Өзбекстанда болған еді. Он бір айлық бала ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның денесінен 16 ине тапты, оның тек 13-ін алып шыға алған.

Сондай-ақ, елімізде Түркістан қаласында болған осындай жағдай жұртты шошытқаны есімізде. Биыл наурыз айында қоғам белсендісі Аружан Сайын бір жарым жасар қыздың денесінен ине табылғанын хабарлады.

Бала тұрмысы жақсы отбасында тұрады, ата-анасы тағы екі бала тәрбиелеп отыр. Сәбидің денесіне ине қалай кіргенін анықтау мүмкін болмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз