Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
14
USD
476
+3.72
EUR
511
+5.93
RUB
5.47
-0.06

«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Облыс бойынша барлығы 483 аула, 24 саябақ пен сквер, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылды.

Жезқазған қаласында қала тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты. Жасыл желектерге күтім жасалып, гүлзарлар ретке келтірілді. Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды.

«Қаламызда таза бейсенбілік, сенбілік өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы қала тұрғындары оған белсенді қатысуда. Бүгін де барлық еңбек ұжымдары, қала халқы бастамамызға қолдау білдіріп жатыр», – дейді “Жастар болашақ” жастар қозғалысының төрағасы Луиза Минбаева

Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.

Облыстың Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында тазалық акциясы бұлақтар айналасы мен өзен жағасында өтті. Мәселен, Ұлытау ауданының тұрғындары «Күмісбұлақ», «Тасбұлақ» бұлақтарының айналасын тазартып, бұлақ басына келушілерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жаңаарқалықтар Сарысу өзенінің бойын қоқыстан тазалап, жағажайларды ретке келтірді.

Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.

Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз