Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды

Шахтинскіде сенбілік барысында тағы бірқатар экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қалада ескерткіштер маңындағы аумақтар ретке келтіріліп, еріктілер жалғыз тұратын қарттардың аулаларын тазартты.

Көктемгі екі айлық ішінде Шахтинск аймағында 1700-ден астам ағаш отырғызылып, 300 гектар аумақ тазартылып, 400 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Экологиялық сенбіліктер облыстың басқа қалаларында да өтті.

Қарағанды қаласында Абай көшесіндегі саябақ көгалдандырылып, бір күнде 500-ден астам ағаш пен бұта — қарағаш, қарағай, шегіршін, мамыргүл және қараған отырғызылды.

Экобелсенділердің бастамасымен жаңа емхана жанындағы Көгілдір тоғандар саябағында да көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ресурс үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, өсімдіктерді күтуге арналған шеберлік сабағы өткізілді.

– Әр отырғызылған ағаш — балаларымыздың жарқын болашағына қосылған үлес. Мұндай іс-шаралар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырады. Біз тек бірлесе әрекет ету арқылы экологиялық жағдайды жақсарта аламыз, – деді «ЭкоОбраз» қоғамдық бірлестігінің директоры Светлана Былинская.

Теміртау қаласында да «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында Қарағанды индустриалды университетінің қызметкерлері мен оқытушылары оқу орны аумағына қайың ағаштарын отырғызды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз