Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тауық пен жұмыртқаның қайсысы бірінші пайда болды?

101

Неліктен солай болды?

Біріншіден, ауылдағы ең білімді адам көпшілігі 7 класты бітірсе де, сол мұғалімдер еді.

Екіншіден, КСРО-ң темір қорғаны өзге елдермен салыстыруға мүмкіндік бермеді.

Үшіншіден, 21-ғасырдың талабы мүлдем басқа…

Баланы ұрып-соғып қорқытып оқытудың заманы әлдеқашан өткен..

Бала басқаны білмесе де, “Бала құқықтары туралы” Конвенцияны жақсы біледі 🙂

Бүгінгі күнгі ата-ана мен мұғалімнің міндеті баланы ешқандай қорқыту-үркітусіз өз беделіне бас идіру…

Бұл үшін адам ең алдымен өзімен жұмыс жасау керек.

Өзімен жұмыс жасау қиын болғандықтан ата-ана мұғалімді, мұғалім ата-ананы, ал екеуі жабылып билікті кіналайды.

Билікті қосыла кіналайын десең…

Қазір 5 адамның төртеуінде машина бар. Солардың көпшілігі тек инспектордан қорыққаннан ғана автоның руліне арақ ішпей отырады. Қауіпсіздік белдігін де сол инспектор үшін ғана тағады.

Кімді кінәлайсың?

Сонымен алдыңнан “Тауық пен жұмыртқаның қайсысы бірінші пайда болды?”-деген сұрақ тағы шыға келеді..

Өмір Шыныбекұлы 

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз